-14.1 C
Алматы
Среда, 25 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте жыл басынан бері 25 016 отбасыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған

    Шымкентке ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кеңесшісі Айжани Нұрланова келді. Министрлік өкілі әуелі мегаполистегі көп балалы аналармен жүздесті.

    Мегаполисте жыл басынан бері 25 016 отбасыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Бүгінде оларға 9 миллиард теңге көлемінде көмек көрсетілді. Дегенмен мемлекеттен қаралған қаржы жатыпішерлікке емес аталмыш отбасылардың аяқтан тұруына
    бағытталған. Осыны тілге тиек еткен өкіл көпбалалы аналар мүмкіндікті пайдаланып әлеуетін арттыру керектігін ескертті.

    «АСП ның берілу себебі адамдарды кедейшілік шегінен шығару. Біздің қоғамда әлеуметтік жағдайы төмен деген адамдардың болдырмау мақсатында бөлінеді. Балаңыздың кедейшілік шегі деген галочканы алып тастау керек», деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
    кеңесшісі Айжани Нұрланова.

    Бұл жиынға мемлекеттік бағдарламаны пайдаланып өз кәсібін ашқан аналарда қатысты. Солардың бірі Диллорам Калимбетова. 4 баланың анасы өз жобасын ұсынып қайтарымсыз грант ұтып алған. Енді оның отбасы кедейшілік шегінен шығып өз кәсібі бар отбасылар қатарына
    қосылды.

    Диллорам Калимбетова – грант иегері: « Кондитерлік бағдарламамды ұсынып грантқа ие болдым. 555 мың теңге алдым. Қазір керекті заттарымды алып жұмыс істеп жатырмын. Бұл жоба кәсібіме тың серпін беріп отыр».

    Ресми емес еркін жағдайда өткен жиында аналар көкейдегі сұрақтарына жауап ала білді. Айжани
    Нұрлановада кез келген саулға жан-жақты саралап ұғынықты жауап беруге тырысты. Айтқандай
    бұл басқосудың «Шаңырақ» аналар институтын қолдау орталығында өтуінің себебіде бар.
    Ашылғанына екі ақ апта болған орталық 350 анаға сапалы қызмет көрсетіп үлгерген.

    Көпшілігі мәселенің тұрғын үйге қатысты болып жатыр. Көбісі кезектерді білмейді оның
    категорияларын сұрайды. Осы сұрақтардың барлығына жауап беріп тиісті мекемелермен
    байланыс орнаттық.

    Шымкенттегі көпбалалы аналарға қаржыдан бөлек азық түлік пакеттері таратылған. 1-3 жас
    аралығындағы балаларға – 56 246 пакет азық-түлік жиынтығы, 3-6 жас аралығындағы балаларға –

    59 466 пакет азық-түлік жиынтығы, 1-6 жас аралығындағы балаларға – 29 770 пакет тұрмыстық-
    химия жиынтығы үлестірілді.
    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТТЕ КЕЗЕКТІ «ЭКО-САНА» СЕНБІЛІК АКЦИЯСЫ ӨТТІ

    Фариза

    Көшпенділер ізімен Тараздан шыққан керуен Түркістанға жетті

    Фариза

    Жамбылдық бағбан өз бақшасында алманың 36, жүзімнің 30 түрін өсіруде

    Фариза