Қызылорда облысында үстіміздегі жылы статистикалық мәліметке сәйкес 184,2 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде дәндi дақылдар 99,9 мың гектар, майлы дақылдар 5,7 мың гектар, мал азықтық дақылдар 61,0 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 17,6 мың гектар. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 89,5 мың гектар.
Ауыл шаруашылығы дақылдары өткен жылмен салыстырғанда 1,1 мың гектарға артық егіліп отыр.
Сонымен қатар, облыста егісті әртараптандыру бағытында алғаш рет перспективалы дақылдар қант құмайы 70 гектарға, соя 240 гектарға, жүгері дақылы 1 667 гектарға дейін жеткізіліп, ылғал сақтағыш аквагельдерді пайдалану арқылы 80 гектар богарлы жерлерге күздік бидай дақылы егілді.
Жалпы облыс шаруашылық құрылымдары егілген ауылшаруашылығы дақылдарын агротехникалық талаптарға сай егіп, күтіп-баптау жұмыстарын өз мерзімінде жүргізді.
Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы дақылдарынан жоғары өнім алу мақсатында 59,8 мың тонна минералдық тыңайтқыштар, 74,6 мың литр гербицидтер сатып алынып, күріш егісінің 65,6 мың гектары арам-шөптерге қарсы өңделіп, 67,5 мың гектары тыңайтқыштармен үстеп қоректендірілді.
Сонымен қатар, егілген 4,2 мың гектар күздік бидай дақылы толығымен жиналып, 9,5 мың тонна өнім алынса, 4,5 мың га жаздық бидайдан 4,6 мың тонна өнім, 597 гектар жаздық арпадан барлығы 270 тонна өнім және 5 гектар сұлыдан 4,7 тонна өнім алынды.
555 гектар дәндік жүгерінің 537 гектары жиналып, 1999 тонна өнім алынды. Орта өнім гектарына 37,2 центнерден айналуда.
Жүгері жинау жұмыстары жалғасып, тары егісін жинау жұмыстары басталуда.
Облыс бойынша картоп, көкөніс және бақша дақылдарын жинау жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі күні, 3,8 мың гектар картоптың 3,4 мың гектары, 5,6 мың гектар көкөністің 5,5 мың гектары және 8,1 мың гектар бақшаның 8,0 мың гектары жиналып, картоптың әр гектарынан 147,1 центнерден, көкөністен 198,6 центнерден, бақшадан 231,6 центнерден өнім алынуда. Картоп, көкөніс және бақша дақылдарын жинау жұмыстары жалғасуда
Сондай ақ, майлы дақылдарды жинау бойынша бүгінгі күні егілген 5,4 мың гектар мақсары дақылы толығымен жиналып, 5,5 мың тонна өнім алынса, күнбағыс және соя дақылдарын жинау жұмыстары жүргізілуде.