-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында волонтерлар «Халық алғысы» медалімен марапатталды

    Коронавирус инфекциясы пандемиясына байланысты елімізде қалыптасқан күрделі эпидемиологиялық ахуал кезеңінде дәрігерлер, меценаттар мен волонтерлар, әскери қызметшілер, БАҚ саласының өкілдері халыққа жан-жақты көмек көрсетті.

    Оның ішінде халық игілігіне қызмет еткен Сыр волонтерларының қызметі ерекше.

    Жыл басынан бері Сыр волонтерларының көмегімен өңірімізде 8 451 мұқтаж отбасыға әлеуметтік көмек көрсетіліп, көпбалалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған 4 870 отбасының мектеп жасындағы балаларына қажетті оқу құралдары табыс етілді.

    Сондай-ақ, Құрбан айт кезінде «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің үйлестіруімен Қызылорда қаласында 3 830, аудандар бойынша 3 431 отбасыға қайырымдылық көмектер көрсетілді. «Хикмет» қайырымдылық қорының демеушілігімен 1 000 отбасыға азық-түлік түріндегі көмек берілді. Бұл шараларға меценаттар, мешіт қызметкерлері мен автоволонтерлер жұмылдырылды.

    Сыр волонтерлары тек мұқтаж отбасыларға ғана көмек көрсетпей, пандемияға қарсы күресте ерекше көзге түскен медицина қызметкерлеріне де жан-жақты қолдау көрсетіп келеді.

    «Мың алғыс!» акциясы аясында 255 медицина қызметкерлерінің отбасы азық-түлік өнімдерімен, ауруханаларда үздіксіз еңбек еткен 1 700 медицина қызметкері ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Көмек ретінде 72 оттегі баллондары ауруханаларға жеткізілді. Акцияға өңірімізден 88 волонтер мен 25 автоволонтер жұмылдырылды.

    Халық, ел ішінде жүрген өз батырларын, қайсар азаматтарын білуі қажет. Жұқпалы індетке қарамастан елдің қамы, халықтың денсаулығы үшін күрескен волонтерлардың игі істерін біз жастарға кеңінен насихаттауға тиіспіз.

    Ел қиналған сәтте көмек беруді еріктілердің үйлестіре білуі азаматтарымыздың ел болашағына бей-жай қарамайтындығын көрсетті.

    Сын сағатта еріктілік қызмет атқарған азаматтарға, азаматтық қоғам белсенділеріне Алғыс білдіріліп, оларға «Халық алғысы» медалі және облыс әкімінің Алғысхаты табысталды.

    Бұған дейін 8 марапат иесі 2020 жылғы 23 маусымда өткен «Biz Birgemiz» онлайн-форумы аясында марапатталса,  1 қазан күні өткен шарада облыс әкімі Гүлшара Наушақызы 14 азаматқа «Халық алғысы» медалін табыстады.

    Эпидемиологиялық ахуалға байланысты бүгін біз санитарлық талаптарды сақтай отырып 25 азамат марапатталды.

    Өзге де марапат иелеріне облыс әкімінің салалық орынбасарлары мен қала, аудан әкімдері жергілікті жерде марапаттауда.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында жылу маусымына дайындық барысы бақылауда

    Фариза

    Сәтпаев қаласында кассирді маңдайынан шауып, айуандықпен өлтіріп кеткен

    Қызылорда облысында карантин шектеулері жеңілдетілді

    Фариза