-1.1 C
Алматы
Суббота, 23 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылорда: Арал ауданында 13300 гектар жерге сексеуіл егілді

    Соңғы үш жылда Арал теңізінің құрғаған ұлтанының 13300 гектар жеріне сексеуіл егілді. Жоба Қазақстанның биоалуандығын сақтау қорымен Оңтүстік Корея мемлекетінің қайтарымсыз қаржысы есебінен жүзеге асты.

    Арал теңізінің құрғап қалған табанындағы орман мелиорациясы жұмыстары үшін арнайы питомниктерде сексеуіл көшеттері өсіріліп, дайындалады. Жоба аясында теңіз табанына үш жылда 5 миллион түп сексеуіл көшеті отырғызылды.

    «Үш жылға жоспарланған жобаның негізгі мақсаты экологиялық жағдайды жақсарту. Өздеріңізге мәлім, Аралда кұм көшкіні көп болады. Сондықтан сексеуіл таңдалды. Оның бір тамыры 4 тоннаға жуық құмды ұстап тұруға қабілетті», – деді облыстық орман және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ғалымжан Орақбаев.

    Жалпы, 1980 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Арал теңізінің құрғап қалған табанының 190 мың гектарына сексеуіл егілді.

    қатысты посттар

    Қазақстандықтар WordSkills Kazan 2019 чемпионатының күміс және қола жүлдесін иеленді

    Қызылордада мониторингтік топ үздіксіз бақылау жүргізуде

    Фариза

    Жамбыл даласы егістікпен жайқалып тұр

    Пікір қалдыру

    9 + 17 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.