Суббота, 28 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    РЫСҚҰЛОВ – ҚОНАЕВ КӨШЕЛЕРІНІҢ ҚИЫЛЫСЫНДАҒЫ ЖОЛАЙРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ 3 КЕЗЕҢДІ ҚАМТИДЫ

    Шымкент қаласының көлік инфрақұрылымын дамытужоспарына сәйкес, қалада жолайрықтар салу іс-шараларыда қамтылған. Рысқұлов – Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысы 15 қазанда басталады. 

    Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховалғашқы жолайрық құрылысы жалпы 3 кезеңді қамтитынын атап өтті. 

    Осы орайда үш кезеңде атқарылатын жұмыстар және жолқозғалысын ұйымдастыру мәселелерін тарқатып айтакетсек. 

    1-кезең. Қонаев көшесінің шығысы, Рысқұлов көшесінің оңтүстігі. (15.10.2020ж. – 31.12.2020 ж). 

    Жол қозғалысын ұйымдастыру: 1- кезеңде Қонаев көшесінің шығысы Роял клубы тұсынан Рысқұлов көшесі аралығы жабылып, көлік қозғалысы Қонаев көшесінің батысындағы 4 жолақта 2 бағытты қарама-қарсы қозғалыс ұйымдастырылады. Сонымен қатар, Дулати және Қазыбек би көшелеріне (Рысқұлов көшесі мен Тәуке хан даңғылы аралығы) бір бағытты қозғалыс ұйымдастырылады.

    2-кезең. Қонаев көшесінде құрылыс жұмыстарын жүргізу (15.01.2021ж.- 01.07.2021ж.): Яғни, екінші кезеңде жолжабынын бұзу, газ құбырын жылжыту, ауыстыру (1,24 км, ø273мм); жерасты байланыс желілерін ауыстыру (1,24 км); су құбырын жылжыту, ауыстыру (1,1 км, ø920-1000мм); тоннелді қазу жұмыстары атқарылады.

    Жол қозғалысын ұйымдастыру. 2-кезеңде Қонаев даңғылы Роял клубы тұсынан Рысқұлов көшесіне дейін жәнеБәйдібек би даңғылы Рысқұлов көшесінен Дулати көшесіне дейін жабылады. Бұл аралықта тұтастай құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Рысқұлов көшесі әдеттегідей ашық болады. Осыған қосымша, Баян ауыл көшесіне Бәйдібек бидаңғылынан Рысқұлов көшесіне дейін бір бағытты қозғалыс ұйымдастырылады.

    3-кезең. Рысқұлов көшесінде құрылыс жұмыстарын жүргізу (01.07.2021ж.-31.12.2021ж.): Яғни, жол жабынын бұзу; 2 жол өткелінің (путепровод) құрылысы; жер қазу жұмыстары (129 мың м3); свай орнату (ø1м, тереңдігі 34м, 48 дана); тіреу қабырғаларын бетондау (подпорные стены); арықтар салу және жол жабынын салу жұмыстары атқарылады.

    Жол қозғалысын ұйымдастыру. 3-кезеңде Рысқұлов көшесінде жол қозғалысы толықтай жабылмайды. Жартылай жабу әдісімен ұйымдастырылады. Яғни Рысқұлов көшесі бойында қарама қарсы бағыттағы көлік қозғалысы жұмыс істейді. Бірақ ең ауқымды жұмыстар (ұзындығы 540 м тоннел) Қонаев көшесінде болғандықтан Қонаев даңғылы Роял клубы тұсынан Рысқұлов көшесіне дейін және Бәйдібек би даңғылы Рысқұлов көшесінен Дулати көшесіне дейін жабық болады.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкентте әуежайға баратын жолдың құрылысы жүріп жатыр​

    Фариза

    Шымкентте оттегі өндіретін кәсіпорын жұма күні іске қосылады

    Фариза

    Жолдаудың басым бағыттары түсіндірілді