-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда: Арал ауданында екі балық цехы ашылды

    Қызылорда облысының Арал ауданындағы Ақбасты елді мекенінде 2 балық цехы ашылды. Бірі балықты сақтайды, енді бірі су маржанын өңдейді. Ауыл тұрғындары осыған дейін теңізден аулаған балықты арзан бағада делдалдарға өткізіп келсе, енді өздері өңдеп, нарыққа дайын тауарды шығарады.

    «100 тонна балықты сақтайтын цехты кәсіпкер Жандос Құлманов оны өз қаражатына салды. Мұнда келген балық алдымен жуылып, тазартылады. Сондай кейін қатырылып, қорапқа салынады. Яғни, балық ұзақ мерзімге жарамды. Кәсіпкердің теңізде балық аулайтын арнайы бір учаскесі бар. Онда 50 балықшы су маржанын аулайды. Ал цехта 20 адам жұмыс істейді», – дейді аудан әкімі Мұхтар Оразбаев.

    Ал Көкарал балық өңдеу цехында су маржаны терең өңделеді. Ерекшелегі, көпшілік бағаламайтын майда шабақтарды кәдеге жаратады. Яғни, ет тартқыштан өткізіп, фарш дайындайды. Ал ірі балықты қақтап, нарыққа шығарады. Сондай-ақ, цехта бұқтырылған балықтан арнайы консервіленген өнім әзірленуде. Шабақ балықтарға түрлі дәмдеуіштер қосылып, ыстық суға қайнатылады, банкіге басылады. Жасалу технологиясы қарапайым, бірақ дәмі ерекше, сақталу мерзімі ұзақ.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында күзгі егін жинау жұмыстары жалғасуда

    Фариза

    1 наурыздан бастап темекі қымбаттайды

    Фариза

    Сырдария ауданында ауыл тұрғындарының өтініші орындалатын болды

    Фариза