11.1 C
Алматы
Суббота, 7 марта 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    «ҮЙІМІЗДЕЙ ҰСТАЙЫҚ». ШЫҢҒЫС МҰҚАН ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАРМЕН БІРГЕ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

    Шымкент әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан жастармен бірге қаладағы Бәйдібек би басына жиналып, «EcoSana» қозғалысын қолға алды. Еріктілер табиғатты таза ұстауға серттесіп, бірнеше көшені тазалап шықты.

    Бұл туралы Әйтеновтің орынбасары өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді.

    Оның жазуынша, халықтың экологиялық санасын қалыптастыруды көздейтін қозғалысқа кез келген адам қатыса алады.

    «Жол жиегінде жатқан сынған шиша, мыжырайған пластик бөтелке мен желге ұшқан селдір пакет, темекі тұқылын қол жеткен жерге дейін тазалап шықтық. EcoSana-ның басты мақсаты тазалау емес, ластамау. Ластамасақ, тазалаудың да қажеті жоқ. Қала тұрғындарын жол-жөнекей қоқыс тастамауын сұраймыз. Келесі сенбіде де бір жерге жиналып, қаланың қоқысы көп аумақтарын тазалаймыз. Алдын ала хабарлаймыз. Жиналған қоқыс таразыға тартылып, апта сайын және ай сайын жеңімпаздарды марапаттап отырамыз. Бүгінгі тазалықта, алдын ала ақпарат бойынша, Медицина колледжінің командасы жеңіске жетті», — деп жазды Шыңғыс Мұқан өзі бөліскен видео анықтамасына.

    Ф. Жандар

    қатысты посттар

    Таразда жеті инвестициялық жоба іске асырылуда

    Фариза

    Арыс қаласындағы Жамбыл облысына тиесілі 3-сектордағы құрылыс жұмыстарының аяқталуына орай салтанатты шара өтті

    Б. Сапарбаев: Ел игілігіне бағытталған жобалар – сапалы әрі уақытылы орындалуы тиіс

    Фариза