13 C
Алматы
Понедельник, 19 мая 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада әлеуметтік нысандар жылу маусымына дайын

    Бүгінде Қызылорда облысында коммуналдық кәсіпорындардың жөндеу жұмыстары 97%-ға, ал әлеуметтік сала нысандары мен автономды қазандықтардың жөндеу жұмыстары 100%-ға толықтай орындалды.

    Сонымен қатар орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған көп қабатты тұрғын үйлердің дайындығы 97%-ды құрайды. Облыс бойынша қыс мезігілінде әлеуметтік саладағы нысандарға 40 мың тоннаға жуық қатты отын және 25 мың тоннадан аса сұйық отын қажет етіледі. Тиісінше жергіліті тұрғындардың қажеттілігіне 165 мың тоннадай көмір керек.

    Қазіргі таңда, тұрғындарға қажетті көмірдің тең жартысы яғни, 85 мың тоннасы жеткізілді. Қала және аудан тұрғындары үшін көмір бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында көмір өндіретін кәсіпорындармен тікелей келісім-шарт жасау бойынша жұмыс жүргізілуде. Тұрғындар мен әлеуметтік нысандарға көмір отынын сақтап, өткізетін 30 көмір жинақтаушы қойма бар. Оның ішінде 5-еуі Қызылорда қаласында, 25-і аудандарда.

    қатысты посттар

    Қызылорда: Шиелідегі күріш диірмендерінің жұмысы жандануда

    Фариза

    «Қазақстанда 20 қыркүйек пен 15 қазаннан кейін қатаң карантин орнайды»: Министрлік түсініктеме берді

    Фариза

    Қарулы Күштерде 2020 оқу жылы «Әскери қызметтің қауіпсіздік жылы» деп жарияланды

    Фариза