Белгілі заңгер Айгүл Орынбек әділ болады деген праймериздің алғашқы күндерінде-ақ орын алған оңтүстік өңіріндегі біраз былықтардың бетін ашты. Оның айтуынша әкімдер білім басқарма басшысына праймеризден жеңіп шығу керек депутаттардың тізін беріп, ал мектеп директорлары болса, мұғалімдерге қысым көрсетіп жатқан көрінеді.
«Көзбояушылық қайтадан басталған ба? Әкімдер білім басқарма басшысына праймеризден жеңіп шығу керек депутаттардың тізімін беріп жатыр. Ал директорлар мұғалімдерге бұйрық беріп, қысым көрсетіп жатқан көрінеді. Бұл рас па мұғалімдер? Егер рас болса, “Бәрі әділ өтеді ойбай”- деп жар салып жатқандар, оңтүстікте бұл әділдік жүрмейді ме? Алдын ала список белгілі болатын болса, бұл праймериз де далбаса деген сөз онда!Бұл жолы да мұғалімдер жаман атты болатын сияқты! Әкімдердің бұйрығы жүретін елде, ешқандай өзгеріс болмайды!» — дейді ол.
Заңгер мұндай жағдайдың тек бір жерде ғана емес, сонымен қатар Түркістан облысының біраз жерлерінде орын алғандығын атап айтты.
«Кеше Түркістан облысы “ең көп дауыс бердік”-деп мақтанып отыр еді.Міне қалай дауыс жинағандары Бауыржан Байбек мырза сіздің назарыңызға!Маулен Ашимбаев сізде көріңіз бізде оңтүстікте былықтың қалай жасалатынын.Бейсен Тәжібаев осы ма әділ сайлау?Бұл тек бір ауданда болған жоқ, біраз аудан, қалаларда әкімнен список келген!» — дейді Айгүл Орынбек.