-4.1 C
Алматы
Понедельник, 18 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте 80 мыңнан астам қарт кісі бар

    Шымкент қаласының әкімдігі 1 қазан — Халықаралыққарттар күніне орай қаладағы қарт кісілер мен оларғакөрсетіліп жатқан әлеуметтік көмек туралы мәлімет ұсыныпотыр.

    Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасыныңмәліметінше, Шымкент қаласында бүгінгі таңда 80 783 зейнеткер бар. Олардың ішінде 26-ы Ұлы Отан соғысыныңардагерлері, 4 мыңға жуығы тыл еңбеккерлері болса, 10 мыңнан астамы «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері, яғни, көп балалы аналар болып есепке алынған. Қазыналықария кісілердің ішінде 100 жастан асқан 13 ата-әжеміз бар.

    Бүгінгі таңда мемлекетпен кепілдендірілген төлемдеркөлемі жыл сайын көтерілуде және жергілікті бюджет қаржысы есебінен де түрлі әлеуметтік қолдауларұйымдастырылып келеді. Мәселен осы жылы 80 жастанасқан 123 адамға екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде, ал 10 мыңнан астам көп балалы аналарға 14 мың теңгекөлемінде әлеуметтік көмек төленді. Сонымен қатар, ҰлыЖеңістің 75 жылдығына орай 40 соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне біржолғы 360 айлық есептік көрсеткішмөлшерінде көмек берілді. Ардагерлерді сауықтырумәселелеріне де ерекше мән беріледі. Осы жылы қаладағы8438 ардагер санаторлы-курорттық емделуге жолдама алды. 

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында үйдегі стационар ұйымдастыруға 29,9 млн теңге бөлінген

    Фариза

    Шымкентте 3 500- ге жуық кезекші сынып ашылды

    Фариза

    Шығыс Қазақстанда Арыс балалары жазғы демалыстарын өткізуде