-1.1 C
Алматы
Понедельник, 25 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Гүлшара Әбдіқалықова қызылордалық белсенді азаматтарға «Халық алғысы» медалін табыстады

    Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова пандемия кезінде халық саулығы үшін алдыңғы шепте жүрген белсенді азаматтарға «Халық алғысы» медалін табыс етті.

    Аймақ басшысы карантин уақытында халық игілігіне қызмет етіп, қайсарлық пен мейірімділіктің нағыз үлгісін көрсеткен азаматтарға ерекше алғыс білдіріп, олардың еңбектерін жоғары бағалады.

    «Бұл медаль – халықтың ыстық ықыласы мен шын құрметіне ие болған азаматтарға тағайындалатын арнайы марапат. Індетпен күресте адам өмірінің сақшысы болған дәрігер, тәулік бойы қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалаған полицей, облыс орталығы мен ауыл-ауылды аралап, жұқпалы кесел ошағын залалсыздандыруға қатысқан әскерилер, қайырымдылық шараларын толассыз жүргізіп, ауруханаларды қажетті медициналық бұйымдар, құралдармен қамтамасыз еткен кәсіпкерлер, қаржысыз көмек қолын созған еріктілер, індет ошақтарынан жылдам ақпарат жүргізген журналистердің еңбегі ерен екенін айтуымыз керек», – деді облыс әкімі.

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, аймақта 107 денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері мен әскери қызметшілерге «Халық алғысы» медалі тағайындалды.

    Бұған дейін 8 марапат иесі 2020 жылғы 23 маусымда Мемлекет басшысының қатысуымен өткен «Biz Birgemiz» онлайн-форумы аясында марапатталды. Ал, бүгін еңбегімен танылған 14 азаматқа «Халық алғысы» медалі табысталды. Қалған марапат иелерін облыс әкімінің орынбасарлары мен қала, аудан әкімдері марапаттайды.

    Шарада өңір басшысы Гүлшара Әбдіқалықова адамзат баласына қиын сынақ әкелген «COVID-19» вирусымен күн-түн демей күрескен азаматтарды бейбіт күннің батырлары екенін айрықша атап өтіп, денсаулыққа жете мән беріп, сақтық шараларын сақтауға шақырды.

    Айта кетейік, Президент Жарлығымен биыл «Халық алғысы» медалі бекітілді. Бұл медальмен білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларында жемісті жұмыс істейтін, пандемиямен күресте ерекше көзге түскен ел азаматтары наградталады.

    қатысты посттар

    Қызылордаға қажетті көмірдің тең жартысы жеткізілді

    Фариза

    Қызылордада шаруашылық ұсынысы жетекші партияның араласуымен қолдау тапты

    Фариза

    Гүлшара Әбдіқалықова облыстағы БАҚ өкілдерімен кездесіп, өңірдегі негізгі мәселелерді талқылады

    Фариза