Пятница, 8 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда: Жаңақорғандағы жылқы малдарының неден қырылғаны белгілі болды


    Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауданының бірнеше елді мекендерінде осы жылдың 14 тамызынан бастап жылқы малдары белгісіз себептермен ауырып, өлім-жітімге ұшыраған еді.
    Осыған байланысты жергілікті ветеринариялық дәрігерлер ауру ошағында болып, ауырып тұрған жылқылардың клиникалық белгілері бойынша (өлген жылқылардың басын тексергенде ересек гастрофилез құрттары анықталған) «жылқы гастрофилезі» болжамды диагнозы қойылды.
    Сонымен қатар, аудандық ветеринариялық зертханаға ауырып тұрған жылқы малдарының тезегі (фекалий), ішкі органдары тексеруге жіберіліп, зерттеу қорытындысы бойынша «жылқы гастрофилезі» ауруына оң нәтиже берген.
    Осыған дейін бірнеше БАҚ-та мәлімделгендей, 200 бас жылқылардың өлекселері анықталмаған. Қазіргі кезде ветеринариялық дәрігерлердің анықтауы бойынша нақты өлген жылқылар саны – 29 бас.
    Бұл ауру паразитарлық ауруларға жататындықтан, ауруға қарсы ветеринариялық іс-шаралар мал иесінің өз қаражаты есебінен жүргізіледі.
    Сондай-ақ, жылқы гастрофилезі ауруы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы №7-1/559 бұйрығымен бекітілген «Жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты міндетті түрде алып қою және жою жүргізілетін кездегі жануарлардың аса қауіпті ауруларының» тізбесіне енгізілмегендіктен мал иелеріне өтемақы қарастырылмайды.
    Мал иелері тарапынан жылқылары ауырып тұрғандығы туралы уақытылы ветеринариялық дәрігерлерге хабарланбаған.
    Жылқы гастрофилезі ауруы бөгелек құрттарынан (личинкалары) пайда болатын ауру болғандықтан, аурудың алдын алу шараларын жүргізбесе, бөгелек құрттары жылқы ағзаларында ересек құрттарға айналып, емдік шаралар жүргізу тиімсіз болып есептеледі және өлім-жітімге әкеліп соқтырады.
    Сондықтан, аурудың алдын алу мақсатында халық арасында түсіндірме-ағарту шаралары жүргізіліп, Жаңақорған аудандық газетіне мақала жарияланды. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерге жылқы аурулары туралы ақпараттар салынды.
    Қазіргі күні өңірде эпизоотиялық ахуал тұрақты. Бұл жұмыстар облыстық ветеринария басқарманың қатаң бақылауына алынған.

    қатысты посттар

    Шымкенттегі инфекциялық ауруханада жұмыс істеген 70-ке жуық азамат жалақысын ала алмай жүр

    Фариза

    Қызылордада әлеуметтік нысандар жылу маусымына дайын

    Фариза

    Түркістанда миллиардтаған ақшаға салынған «Керуен сарайдың» қабырғасы пенопластан жасалған болып шықты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twenty + thirteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.