Воскресенье, 16 ноября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Елбасы ЖШС «Казмедприбор» қызметімен танысты. М.Әйтенов көпсалалы университеттік аурухана салу жоспары туралы хабарлады

    Шымкентте Қазақстанның Тұңғыш Президенті медициналық техника, медициналық жиһаз және медициналық көлік шығаруға мамандандырылған кәсіпорында болды.

    2013 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Казмедприбор» ЖШС 15 мыңнан астам медициналық жабдық, 120 мыңнан астам медициналық жиһаз, 742 жедел жәрдем машиналарын шығарды. Компания 2005 жылы құрылды.

    Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Елбасыға жеке инвестор есебінен 1000 орындық көпсалалы университеттік аурухана салу жоспары туралы хабарлады. Жаңа медициналық мекемеде ана мен бала орталығы, хирургиялық, терапевтік орталықтар, сондай-ақ ауысымына 700 келушіге арналған клиникалық диагностикалық орталық жұмыс істейді деп жоспарлануда.

    Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы А.Есімов денсаулық сақтау жүйесі мен отандық өндірушілерді қолдау бойынша пандемия кезінде ҰӘҚ қабылдаған шаралар туралы хабарлады. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевқа елорда мен Алматыда медициналық орталықтар салу тапсырысының орындалу барысы туралы баяндалды.

    Сондай-ақ, А.Есімов Елбасына 3000 дана көлемінде «Авифавир» дәрісін сатып алу және коронавирусқа қарсы вакцина жеткізу туралы келісім туралы хабардар етті.

    Ф. Жандар

    қатысты посттар

    Сапарбаев тұрғын үйлерде мүлік иелерінің бірлестіктерін құру ісін жеделдетуді тапсырды

    Фариза

    Қызылорда: Аймақ басшысына балық шаруашылығын дамыту жөніндегі өңірлік бағдарлама таныстырылды

    Фариза

    Шымкент: Қаратау ауданында 108 көше ге шаңал тас төселуде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five + fourteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.