Суббота, 23 августа 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Әйтенов Назарбаевқа Шымкенттің туристік әлеуеті туралы айтты

    Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы ежелгі тарихи орындардың бірі болып табылатын «Ескі қоныс Шымкент»(Цитадель) тарихи-мәдени мұра ескерткішіне барды.

    Сапар барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті археологиялық жұмыстардың нәтижелерімен және мәдени кешенді одан әрі дамыту жоспарларымен танысты.

    Жоспарға сәйкес, 2021 жылы кешен аумағында үш деңгейлі ортағасырлық мұражай мен 500 орындық амфитеатрдың құрылысы басталады. Сонымен қатар, тарихи орынға бару аясында қала әкімі Мұрат Әйтенов Шымкенттің туристік әлеуеті және оның даму перспективалары туралы айтты.

    «Ескі қоныс Шымкент» (Цитадель) — жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енгізілген археологиялық орын.
    Бұл жерде үш стратиграфиялық қазба жүргізілді. Елді мекеннің мәдени қабаттарының қалыңдығы барлығы 14 метрді құрады. Оның ең төменгі қабатында біздің дәуірімізге дейінгі 3-ғасырдың аяғында — 2-ші ғасырдың басында, Согдтың урбанизацияланған қоныстарына тән керамика кешені құрастырылды.

    Ф. Жандар
    

    қатысты посттар

    Қызылордада 896 медицина қызметкері үстемақы алды

    Фариза

    Қашықтан оқыту: Қызылордада мұқтаж отбасыларға тағы 20 компьютер табысталды

    Фариза

    Жел электр станциясының құрылысы басталды

    Пікір қалдыру

    nine − 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.