22.1 C
Алматы
Воскресенье, 8 июня 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Қазақстанда 20 қыркүйек пен 15 қазаннан кейін қатаң карантин орнайды»: Министрлік түсініктеме берді

    Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда 20 қыркүйек пен 15 қазаннан кейін қатаң карантин енгізіледі деген қауесетке түсініктеме берді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Aikyn.kz порталына сілтеме жасап.

    «Мен жақында ғана 20 қыркүйектен бастап қарантин енгізілетіні туралы қауесетке қатысты жауап бергенмін. Бұндай шаралар жоспарланбағанын ресми түрде хабарлаймын. Бұл жалған ақпарат, қазақстандықтарға расталмаған ақпаратқа сенбеуге және таратпауға шақырамын. Егер шара қабылданып жатса, хабарлаймыз», – деді Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

    Байтанаевтың айтуынша, елімізде карантин әлі сақталуда, дегенмен карантин шаралары кезең-кезеңмен жеңілдетіліп жатыр.

    «Бұл жалған ақпарат. Оны таратқандарды іздеп тауып, полицияға арыз түсіреміз.  Еліміздегі эпидемиялық жағдай тұрақты, алайда Бас санитарлық дәрігердің барлық талабын сақтау керек», – деді ол.

    қатысты посттар

    «Syr Volonterlery»: Қызылорда облысындағы еріктілер орталығы ауқымды жұмыстар атқарып жатыр

    Фариза

    «Үйің жоқ боп кетіпті» дегенде қорқып едім…» — Үйіне оралған Арыс тұрғыны (видео)

    Карантин режимі тағы да ұзаруы мүмкін бе? Министр пікір білдірді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    9 − 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.