-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Иті өлгенше төбелестірген иесі қатты қуанды». Ұзынағашта ит төбелестіргендердің видеосы жарияланды

    Алматы облысында ит төбелесі видеоға түсірілді. Әкімдік болған жағдайға қатысты түсінік берді, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Әлеуметтік желіде ит төбелесінің видеосы жарияланды.

    «Алматы облысы Ұзынағаш ауылында ит төбелесі ұйымдастырылады. Видео кадрларынан иттердің өлгенше төбелескенін, олардың иесі қатты қуанғанын көруге болады. Ұтысқа көп ақша қойылған сияқты. Мұндай турнирді өткізген дұрыс па?», — желідегі жазбаның авторы.

    Сонымен қатар, видеодан ит төбелесі түнде өткенін байқауға болады.

    Алматы облысы Жамбыл ауданы бұл жағдайға қатысты түсінік берді.

    «Бұл орын осыған дейін мал базары болған. Кейін оны біреу сатып алды. Қазір бұл аумақ Қарасай ауданы әкімдігіне қарайды. Әкімдік ит төбелесін өткізуге рұқсат берген жоқ, бермейді де. Қазір ауыл округінің әкіміне тапсырма берілді. Олар ұйымдастырушыларды іздеп жатыр. Оларды тапқаннан кейін шараны ұйымдастырушылар әкімшілік кодекс бойынша жазаланады», — дейді Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Бахтияр Айталы.

    қатысты посттар

    Қызылордада жаңа оқу жылында 243 мектепте қашықтан оқытылады

    Фариза

    Қызылорда облысында аудандарды газбен қамту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

    Фариза

    Маңғыстау облысында Форт-Шевченко қаласының әкімі мас күйінде ұсталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eleven − eight =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.