32.3 C
Алматы
Понедельник, 9 июня 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: Театрдың жаңа маусымы ашылды

    Шымкент қаласында жеңілдетілген карантин режиміне сәйкес 28 қыркүйектен бастап қаладағы барлық театр өз көрермендері үшін қайта есігін ашты.

    Бүгінгі таңда қалада 6 театр және 1 мәдениет үйі жұмыс жасайды. Жаңа маусымда қала тұрғындары мен қонақтарын түрлі премьераларымен қуантпақ.

    Атап айтқанда, Өзбек драма театры 29-30 қыркүйек күндері «Әпендізада» комедиясын ұсынады. Ал Шымкент қалалық академиялық драма театрында 7-9 қазанда көптен күткен 87-ші театр маусымының шымылдығы түріліп, «Аманат» деп аталатын тамаша туындыларын дайындап отыр.

    Шымкент әзіл-сықақ және сатира театры XIII маусымының ашылуына орай У.Абдраимовтың «Карантиндегі қызықтар» атты сазды – думанды қойылымын тамашалауға шақыруда.

    Айта өту қажет, санитарлық талап пен арақашықтықты сақтау үшін көрермен залы 50 адаммен шектеледі. Сондай-ақ медициналық бетпердемен келу міндеттеледі.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкентте 11,2 млрд теңге оңтайландырылды

    Фариза

    Жамбылға Vero Cell вакцинасының 20 мың дозасы жеткізілді

    Фариза

    Таразда 45 отбасы баспаналы болды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seven + 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.