11 C
Алматы
Среда, 6 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қызылорда: Сол жағалаудағы құрылыс қарқыны жоғары

    Қызылорда қаласында 2017 жылы құрылысы қарқын алған сол жағалауда бүгінде 50 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріліп, 10 мыңнан аса тұрғын қоныстанған. Жаңа қалада мұражай, мектеп, балабақша, университет, жастар орталығы сынды әлеуметтік нысандар да өз жұмысын бастады. Жыл соңына дейін тағы 14 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, кезекте тұрған азаматтар баспаналы болады деп жоспарлануда. Сонымен қатар сол жағалаудан 900 орындық мектеп, 140 орындық балабақша, театр, салтанат сарайын салуда бас жоспарға енгізілген.

    Жұмыстардың жай-жапсарын көрген қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев сала басшыларына келер жылға дейін тұрғын үй аулаларына салынатын демалыс парктерінің эскиздік жобасын даярлап тапсыруды жүктеп, коммерциялық нысандар салу үшін кәсіпкерлерді тарту керектігін баса айтты. Бос жерлерді игеру мәселесін де ұтымды үйлестіру керек екенін атап өтіп, құрылыс жүргізуге ниетті кәсіпкерлердің барлығын қолдау керектігін жеткізді.

    Бас жоспарға сай сол жағалаудан бой көтеретін нысанның бірі Шығыс стиліндегі жабық базар. 3 мың шаршы метр аумаққа орналасатын базардың құрылысы 2020-2023 жылдар аралығына жоспарланған. Қазір құрылыс жұмыстары басталып, алдағы жылы бірінші бөлігін пайдалануға беру межеленуде. Құрылысқа қарқын қосуды тапсырған шаһар басшысы, қаладағы базарлардан орын болмай сыртында тұрған кәсіпкерлер кезең-кезеңімен осы аумаққа көшірелетінін айтты.

    Одан әрі қала әкімі сол жағалаудағы «Шіркейлі» каналының үстінен өтетін көпір құрылысының жүргізілу барысын көрді. 4 жолақты, ұзындығы 102,8, ені 21 метр көпірдің құрылыс жұмыстары 90 пайызға аяқталған. Мердігер құрылысты жоспарға сай жүргізіп, қыркүйек айының соңына дейін тапсыруды межелеп отыр. Бұл көпір сол жағалауды Батыс Еуропа – Батыс Қытай басты жолымен байланыстырады. Қазір жаңа көпірді күре жолға қосу үшін айналмалы көпір құрылысын жүргізу жоспарлануда.

    Айналмалы көпірді салып, басты жолға қосу шамамен 2-3 жылды қажет етеді. Әйтседе бұл уақытта дайын тұрған жолмен көпірді игеру керек екенін айтқан шаһар басшысы «Айналмалы көпірдің біткенін күтіп отырмай, аудандар мен ауылдардан келетін тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін уақытша жол жасап, күре жолға қосуды қолға алуымыз керек» – деп, бұл жұмыстарды жыл соңына дейін шешуді тапсырды.

    қатысты посттар

    Жамбылда «Ауылым – алтын бесігім» фестивалі өтті

    Фариза

    Шымкент: «Тепличный рай» агро-индустриялды аймағының құрылысы басталды

    Фариза

    Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру жұмыстары жүргізілуде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fifteen + fourteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.