-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада жол жөндеуге 20 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді

    Қызылорда облысында жалпы ұзындығы 498 шақырымды құрайтын автомобиль жолы төрт мемлекеттік бағдарлама аясында жөнделуде. Республикалық, облыстық бюджеттен 20 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді.

    «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша ұзындығы 136 шақырым құрайтын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолы жөнделуде. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Қызылорда қаласындағы С.Бейбарыс көшесінен Қызылжарма каналына дейін 4,6 шақырым жол салынуда. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 72 шақырым құрайтын 66 көше асфальтталады. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 263 жоба жүзеге асырылуда. 255 шақырым автомобиль жолы мен көше және көпірлер жөнделуде. 2639 адам жұмыспен қамтылған», – дейді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

    Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, 30,4 шақырым елді мекен көшелері мен көпір өткелдері жаңартылуда. Осы жұмыстар аяқталған соң облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 69 пайызы жақсы және қанағаттанарлық деңгейге жеткізіледі.

    қатысты посттар

    Қызылорда: «Сыр Ана» алаңы қайта жаңғыртылды

    Фариза

    Мемлекет Тимур Құлыбаевтың зауытын мәжбүрлі түрде тартып алды

    Фариза

    Аяжан Еділованың өлімі: Күдіктінің аты-жөні мен суреті жарияланды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two − one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.