-13.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Қызылорда жылу электр орталығы» күрделі жөндеуден өтіп жатыр

    «Қызылорда жылу электр орталығы» кәсіпорнын күрделі жөндеуге «Нұрлы жер» бағдарламасы және «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 4 млрд. теңге бөлінді. Қазіргі таңда, жұмыстың 87 пайызы аяқталды.

    «Негізгі станциясындағы газотурбиналық қондырғылары, су жылытқыш қазандығы және турбиналық цехтың технологиялық құбырларын, Оңтүстік қазандықтарын ағымдағы жөндеуден өтуде. Сонымен бірге ұзындығы 15 шақырым болатын магистралды және квартал ішілік жылу желілері қайта жаңғыртылуда. Осы жаңғырту жұмыстары аяқталғанда жалпы жылу желілерінің тозу пайызы 42 пайыздан 39 пайызға дейін төмендейді», – дейді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Нұрмағанбетов.

    Сондай-ақ, ұзындығы 1,8 мың шақырымды құрайтын электр желілері ауыстырылып, 233 қосалқы трансформаторлық станцияға ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізілуде. Ал «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның Қызылорда өндірістік филиалы – алдағы жылу беру маусымына дайындық жүргізу үшін 56 дана ГРП мен 242 дана ШРП-ға ағымдағы жөндеуден өткізді.

    Басқарма басшысы коммуналдық қызметтердің тарифтері басқа аймақтармен салыстырғанда орташа деңгейде екендігін айтты.

     

    қатысты посттар

    10 жыл бұрын жоғалып кеткен «маугли қыз» ата-анасын танымай отыр

    Бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды

    Фариза

    Мамырда Қазақстан халқы қанша күн демалады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    11 + 6 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.