-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда: Арал ауданының ауылдарында ұялы байланыс жүйесі іске қосылды

    Қызылорда облысының Арал ауданында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аяқ алысы ширақ. Мәселен, аталған бағдарлама шеңберінде 2020 жылдың соңына дейін ауданымыздағы 15 елді мекенді Kcell, Tele2 және Beeline операторлары арқылы 3G/4G сымсыз технологияларымен және мобильді ұялы байланыс қызметімен қамтамасыз ету жоспарланған.

    Осы бағытта ауданға қарасты Жіңішкеқұм ауылдық округі, Тоқабай елді мекеніне Beeline операторы арқылы байланыс орнатылып, мобильді интернетке (3G) қол жеткізілді. Қазіргі таңда қалған елді мекендерде мұнара орнатуға қажетті жер телімдерін рәсімдеу бойынша жұмыстар аяқталып, операторлар тарапынан монтаждау жұмыстары басталуда.

    Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев алыстағы ағайыннан тікелей хабар алысуына мол мүмкіндік туған Тоқабай ауылына жұмыс сапарымен барып, жергілікті тұрғындармен жүздесіп қайтты. Ауыл тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Ауыл ақсақалдары атқарылған жұмыстардың нәтижесі үшін аудан әкіміне өз ризашылықтарын жеткізді.

    Жұмыс сапары барысында аудан басшысы Тоқабай елді мекеніне кіреберіс 2 шақырым жолдың жөндеу жұмыстарын да бақылап өтті. Жол жөндеу жұмыстарына жауапты мердігер «СтандартОйлКЗО» ЖШС өкілдерімен кездескен аудан әкімі жүктелген міндеттерді сапалы әрі талапқа сай жүзеге асыруды тапсырды. Сонымен қатар ауданға қарасты тұзшылар мекені – Жақсықылыш кентіне ат басын бұрған аудан әкімі №19 мектебіне қосымша 100 орындық оқу корпусын салу жұмыстарымен танысты. Құрылысқа жауапты мамандарға нысанның есік-терезелерін орнату жұмыстарын жеделдетіп, ішкі әрлеу жұмыстарын уақытылы қолға алу керектігін ескертті. Сондай ақ құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізуді басты назарда ұстауды тапсырды. Айта кету керек, «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын «Самат-Мұнай» ЖШС-гі жүзеге асыруда.

    қатысты посттар

    Елордадағы Оқушылар сарайына Әбу-Насыр Әл-Фарабидің есімі берілмек

    Kaspi red-ің барлық лимиті үшін клуб жарнасы 3 995 теңгеге дейін азайды

    Фариза

    Жамбыл облысында ауыл имамы құрдасын пышақтап өлтіріп, артынан өзі асылып қалды

    Пікір қалдыру

    twelve + two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.