-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қазалыда «Ауыл – ел бесігі» жобасы тиісті деңгейде жүзеге асып жатыр

    Қызылорда облысындағы Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев аптадағы алғашқы күнді ауылдарды аралаудан бастады. Алдымен Бекарыстан би ауылында болып, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты.

    Биыл бюджеттен 1 млрдқа жуық ақша бөлініп, Майдакөл ауылдық округінде ауқымды жобалар қолға алынды. Ең бастысы тұрғындар көптен айтып жүрген ауыз су сервистік желіге қосылады. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Соның нәтижесінде ауыл халқы ауыз суды көшеден тасымай, үйден алатын күн алыс емес. Одан бөлек 7 көшеге асфальт төселіп, 8 көшеге жарықшамдар орнатылады. Ауылдағы №24 мектепке де күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

    Бекарыстан би ауылына көршілес орналасқан Майдакөлде де толымды тірліктер бар. Биыл осындағы орталық алаң абаттандырылып, ауылдың ажары айшықталып келеді. Одан бөлек ауылдағы 3 көше орташа жөндеуден өтті. Қазіргі таңда дарияның арғы бетіндегі қос ауылдағы құрылыс жұмыстары аяқталуға жақындап қалды. Бүгін Бекарыстан би мен Майдакөл ауылдарындағы қарқынды құрылыспен танысқан аудан әкімі Мұрат Ергешбаев мердігер мекемелердің жауапты қызметкерлеріне жауапты жұмысты уақытылы әрі сапалы аяқтауды тапсырды. Мемлекеттен қыруар қаржы бөлінген бұл жобалар әрдайым назарда болатынын айтып, тиісті бөлім басшылары әрбір жұмысқа жанашырлықпен қарау керектігін жеткізді

    қатысты посттар

    Қазақстанда тұрғын үй жалдау бағасы өсті

    Фариза

    «Темір жолдан өшін алып, ақша алайын деп отыр» Тальгодағы оқиғаға байланысты сотталғандардың ата-анасы сұхбат берді

    20-21 маусым аралығында шектеу шаралары күшейеді. 6 қалада сауда үйлері жабылып, базарлар жұмысын тоқтатады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nine + seventeen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.