-2.1 C
Алматы
Четверг, 28 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте қосымша 3 мыңнан аса адамға мемлекеттік грант беріледі

    Биыл Шымкент қаласында өз кәсібін бастаушыларға«Бастау бизнес»  жобасы аясында 1 491 мемлекеттік грант беру жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін  1 420 адамға грант берілген. Оның 901-і аз қамтылған отбасылардың мүшелері. Ал, 90-ы көпбалалы аналар. Тағы 306 адам аз қамтылғанжәне көпбалалы отбасылардың мүшелері.

    1 қыркүйектен бастап мемлекеттік грант саны көбейді.  Қосымша 3 423 адамға мемлекеттік грант үйлестіругеқаржы қарастырылған. 

    Аталған 3 423 орынға аз уақыт ішінде 7 мыңға жуық қалатұрғыны құжат өткізді. Олардың құжаттары  комиссияныңқарауына ұсынылған. Мәселен, биыл 1-2 қыркүйек күндеріөткен комиссия отырысында 1 022 адамның өтінішібойынша оң шешім қабылданып, оларға мемлекеттік грант тағайындалды. Оның ішінде бүгінгі күнге дейін 500 үміткерге грант қаржысы аударылып үлгерген.

    Айта кетейік, «Бастау бизнес»  жобасы — нәтижеліжұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттікбағдарламасы шеңберінде жүзеге асуда. Жоба аясында өзбизнесін бастағысы келетін азаматтар кәсіпкерлікнегіздеріне тегін оқытылады. Пандемияға байланысты биылоқу онлайн режимде өтуде. Оқу мерзімі — 21 күн.  Қатысушы оқуын тәмамдаған соң арнайы тест тапсырады. Егер жақсы нәтиже көрсетсе, оған оқуды бітіргені туралысертификат беріледі.

    Сол сертификатты алған адамның грантқа үміткер атануғақұқығы бар. Грант қайтарымсыз беріледі. Бірақмониторингтік топ грант қаржысының мақсатты жұмсалуынтексеріп отырады. Яғни, бұл өз кәсібін бастаушыазаматтарға берілген бірегей мүмкіндік. Осы орайдабиылдан бастап аз қамтылған отбасылар мен атаулыәлеуметтік көмек алатын көпбалалы отбасылардыңмүшелері, қоныс аударушылар мен қандастар «Бастаубизнес»  жобасының сертификатынсыз да грантқа тікелейүміткер бола алатынын айта кеткен жөн.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Таразда қарияларға құрмет көрсетілді

    Фариза

    ШЫМКЕНТТЕ ОСЫ ЖЫЛЫ 104 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

    Фариза

    Шымкентте жеке инвесторлар есебінен 126 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.