Вторник, 18 ноября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: Гагарин көшесінің орташа жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

    Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азаматтардыңжеке сұрақтары бойынша онлайн қабылдау өткізді.  Бүгінгіөткен онлайн қабылдауда азаматтардың басым бөлігі жолмәселесін қозғады.

    Солардың бірі – қала тұрғыны Жақсылық Елтаев. Ол Гагарин, Құртаев, Арыстанды  көшелеріндегі жөндеужұмыстары жөнінде сұрады. 

    Мұрат Әйтенов Гагарин көшесінің орташа жөндеужұмыстары аяқталғанын жеткізді. 

    -​Бүгінгі таңда Гагарин көшесінің Абай даңғылынанЕрмат ата көшесі аралығында жөндеу жұмыстарытолығымен аяқталған. Алайда әлі қабылданған жоқ. Ал, Құртаев көшесінің жалғасында тегістеу жұмыстарыжүргізілді. Асфальтбетон қабаты салынған. 1 қазанға дейінтолық аяқталады, — деді шаһар басшысы. 

    Сондай-ақ, Арыстанды көшесінің орташа жөндеужұмыстарына қаржы бөлуді  қарастыру мақсатында сала басшыларына тапсырма берді.

    Одан өзге, азаматтарды қабылдау барысында көтерілгенмәселелер бойынша біршама шешімдер шығарылды.  

    Атап айтқанда, Жайлау шағын ауданындағы  С.Ахметовкөшесіне осы жылы қараша айына дейін асфальт төселетінболды. Ал, №125 мектептен басталатын Полевая көшесінеорташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, сметалыққұжаттама әзірленіп, келер жылға қаржы бөлуге ұсынысенгізілетін болды.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Жамбыл облысы аумағында 646 ұңғыма қазылған

    Фариза

    Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 77 адам тіркелді

    Фариза

    Шымкентте ҰБТ-ның бірінші күні 500-ден астам оқушы тест тапсырды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.