-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы Қызылорда қаласының елді мекендерді көркейтуде

    Қызылорда қаласына қарасты Ақсуат ауылдық округі «Ауыл – ел бесігі» республикалық бағдарламасы аясында қаржылай қолдау тапқан. Қаралған қаржыға ауылдағы 1982 жылы салынған №143 орта мектепке араға 38 жыл салып күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінде құрылыс толығымен аяқталып, 12 кезекші сыныпқа балалар қабылданған.

    Сонымен бірге, ағымдағы жылы ауылда 16 көше орташа жөндеуден өтіп, оның 7 көшесіне асфальт салынса, қалған 9 көшеге қиыршық тас төселіп болады. Үнемделген қаржы есебінен тағы 5 көшеге жыл соңына дейін орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда. Аталған жұмыстар негізінде ауылдың жұмыссыз жүрген 40 азаматы жұмыспен қамтылған.

    Ақсуаттықтар үшін тиімді болған «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына сай ауыл орталағында орналасып, бұған дейін жөндеу көрмеген Ү.Тоқмағамбетова көшесіне де асфальт төселген.

    Ауылда қаладан шыққан пайдалануға жарамды бағдаршам, жарық бағаналары, жаяу жүргінші жолдарына қажетті құрылыс заттарын тиімді пайдаланып, ауылдың қажеттілігіне жаратуда жолға қойылған. Мәселен, Ж.Маханбетов ауылының орталық көшелерінің 1,6 шақырымына қалада пайдаланылған брусчаткалар мен бордюрлап пайдаланылып, тротуар салынған.

    Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарлама аясында қаржы қаралып, күрделі жөндеуден өтіп жатқан нысанның бірі Ақжарма ауылдық округіндегі «Облыстық наркология орталығына» қарасты медициналық бөлімше.1983 жылы іргетасы қаланған 100 орындық нысанды қайта қалпына келтіру жұмыстарына «Болашақ Интернэйшн Девелопмент» ЖШС жауапты. Қазір қайта жаңғырту 60 пайызға орындалған, мердігер желтоқсан айына дейін толығымен аяқтауды межелеп отыр.

    Ауылдық округке қарасты Талдыарал елді-мекенінде жол мәселесі толығымен шешілген. Биыл ауылда ауыз су мен кәріз құбырлары да толығымен жаңартылды. 900-ге тарта тұрғыны бар Талдыаралда жаңадан қоныстанушыларға жер беру қарқынды жүргізілуде.

    Қазір 200 ден аса жер телімі ашылып, қиыршық тас төселіп, ауыз су құбыры тартылған. Ендігі кезекте жарық жүйесін жеткізу мәселесі тұр.

    қатысты посттар

    Қызылордада суармалы жерлер қалпына келтірілуде

    Фариза

    Мал дәрігерлерінің жалақысы көбейеді – министр

    Фариза

    Жоғары сот кеңесі «ірі көлемде пара алды» деген күдікке ілінген судьяға қатысты пікір білдірді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fifteen − ten =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.