Пятница, 27 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте Түркия Республикасының құрметті консулдығы ашылды

    Бүгін Түркия Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Уфук Экиджи, Түркияның Алматы қаласындағы бас консулы Али Рыза Акынджы және қала әкімі Мұрат Әйтенов құрметті консулдықтың ғимаратын аралап, алдағы жұмысымен танысты.

    Сондай-ақ, бұл шараға «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, құрметті консул Латипша Асанов, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Шымкент филиалының өкілдері мен түркиялық бизнесмендер де қатысты.

    Кездесу кезінде қала әкімі Мұрат Әйтенов пен түркиялық делегация мүшелері консулдықтың алдағы уақытта атқаратын жұмысы жайлы мағлұмат алды.Жаңадан ашылғалы отырған консулдықтың мақсаты — екі ел туризмінің дамуына ықпал ету, кәсіпкерлерге құқықтық кеңес беру, болашақ инвесторларды қаладағы индустриалды аймақтардың мүмкіндіктерімен таныстыру және оларға өнеркәсіп салаларына қатысты толыққанды ақпарат беру.

    Орталықта өткен кездесуде тараптар екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.—Миллионнан астам халқы бар Шымкенттің дамуында шетелдік инвесторларды тарту айрықша маңызға ие. Осы орайда түркиялық кәсіпкерлер қаламызда құрылыс, медицина, тоқыма өнеркәсібі сияқты салаларда инвестициялық жобаларды табысты жүзеге асыруда. Біз осы байланыстарды одан әрі нығайта түсуге мүдделіміз, — деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

    Өз кезегінде Уфук Экиджи халқы тығыз орналасқан, аумағы кең, климаты жайлы Шымкент бизнес-жобаларды жүзеге асыруға таптырмас қала екенін айтты.—Қазақстан мен Түркия — ортақ тарихы мен мәдениеті бар мемлекеттер. Қазақстан қоғамдық келісім мен ынтымақ-бірлікті сақтай білді. Бұған барлық азаматтар мен этностардың теңдігін қамтамасыз ету арқылы қол жеткізді. Екі ел арасында ерекше достық, бауырластық қарым-қатынас қалыптасқан. Біздің Шымкент шаhарына келуіміздің негізгі себебі — екі ел арасындағы байланысты одан әрі нығайту, — деді Уфук Экиджи.Кездесудің соңында қала әкімі шымкенттіктер жыл сайын Наурызды алғашқы болып қарсы алатынын айтып, мәртебелі меймандарды келер жылы Ұлыстың Ұлы күнін Шымқалада қарсы алуға шақырды.

    Ф. Жандар

    қатысты посттар

    Шымкентте жаңа үлгідегі аялдамалар орнатылады

    Фариза

    ШЫМКЕНТТЕ «ҚҰС ТҰМАУЫ» АУРУЫ ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ

    Фариза

    Шымкент: Қоғамдық көліктерге «төлем» электрондық жүйесі енгізіледі

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.