13 C
Алматы
Понедельник, 27 октября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада жаңа мектеп-лицей пайдалануға берілді

    Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қаланың Жаппасбай батыр көшесі бойындағы жаңа №282 мектеп-лицейінің ашылу салтанатына қатысты.

    600 орындық білім ұясының құрылысы 2018 жылдың сәуір айында басталған. Ғимараттың ауқымы 43497 шаршы метрді құрайды. Бас мердігер – «Ария-Жаңа Астана» ЖШС.

    Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова жаңадан пайдалануға берілген мектептің жұмысына сәттілік тілеп, ел мақтанышы болатын азаматтарды түлеп шығаратын білім ордасы болатынына сенім білдірді.

    «Жаңадан бой көтерген мөлтек ауданнан жаңа мектепті пайдалануға бергелі тұрмыз. Өздеріңізге белгілі карантин талаптарына сәйкес қазіргі уақытта оқушылар қашықтықтан білім алуда. Дегенмен, бұл уақытша қиындықтар. Оқушыларымыз жайлы, жылы ғимаратта білім алу керек. Білім ұясының түлекшілері ел мақтанатын азаматтар болады деп сенемін. Жаңадан салынған мектеп ел игілігіне қызмет етсін», – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында бюджет қаржысы тиімді игерілуде

    Фариза

    900 мыңға жуық адамға 42 500 теңге көлемінде төлем тағайындалды

    Фариза

    Қазақстанға жұмысқа орналасуға жыл басынан бері 6350 ресейлік келген

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fifteen − five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.