-14.1 C
Алматы
Среда, 25 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: Қала әкімі чемпиондарды марапаттады

    Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновәуесқойлар арасында шағын футболдан өткен Қазақстанчемпионатында жеңіске жеткен «Стандарт» футбол командасының мүшелерін қабылдады. 

    Шаһар басшысы футболшыларды ел чемпионы атануыменқұттықтап, оларға бұқаралық спортты дамытуға үлесқосқаны үшін алғыс айтты.

    —Әуесқойлар арасындағы футбол — бұқаралық спорттыңмейлінше кең таралған, танымал түрі. Сондықтан Сіздердіңжеңістеріңіз барша шымкенттіктер үшін елеулі оқиға депбілемін. Спорт – денсаулық кепілі. Жас ұрпақтың дені сауболса, ұлтымыз әрқашан бәсекеге қабілетті болмақ. Солсебепті бүгінде мемлекет бұқаралық спорттың дамуына, жастардың салауатты өмір салтын ұстануына барыншажағдай жасап отыр, — деген Мұрат Дүйсенбекұлы биылШымкентте 27 Street-workout алаңы салынғанын атап өтті. 

    Мұрат Әйтенов қазір қала тұрғындарының 28 процентіспорт және дене шынықтырумен тұрақты түрдеайналысатынын, осы көрсеткішті Президент тапсырмасында айтылғандай, 30 процентке жеткізумақсатында ауқымды жұмыс атқарылып жатқанынатоқталды. 

    Қала әкімі команданың жеңіске жетуіне бапкерлер Сабыржан Бекпаев пен Хусан Утаметовтің де зор үлесқосқанын айтып, оларға сәттілік тіледі. 

    Сонымен қатар «Стандарт» командасының алдағы уақыттаУкраинада өтетін шағын футболдан әуесқойлар арасындағыәлем чемпионатында ел намысын лайықты қорғайтынынасенім білдірді.

    Кездесудің соңында әкім  бапкерлер мен футболшыларғаАлғыс хат пен арнайы сыйлықтар табыс етті. 

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Модельді шаруашылық құру — етті мал өсірудің тиімді жолы

    Алматыда электр қуаты өшуіне не себеп болғаны айтылды

    Фариза

    ШҚО-дағы денсаулық сақтау саласында JCI стандарты бойынша қызмет көрсету оң жолға қойылды

    Пікір қалдыру

    1 × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.