Суббота, 17 января 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада мемлекет және қоғам қайраткері Ыдырыс Қалиевтің ескерткіш-мүсіні ашылды

    Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Қала күні-2020» мерекесіне орай мемлекет және қоғам қайраткері, соғыс және еңбек ардагері Ыдырыс Қалиевтің ескерткіш-мүсінін ашу рәсімі өтті.

    Шараға облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова, Ыдырыс Қалиевтің жұбайы, туған-туыстары және қоғам қайраткерлері мен еңбек ардегерлері қатысты.

    Ыдырыс Қалиевтің ескерткіш-мүсінінің ашылу салтанатына орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Сыр жұртшылығына арнайы Үкіметтік құттықтау жеделхатын жолдады.

    Айта кету керек, ел мүддесі жолындағы еселі еңбектері үшін Ыдырыс Қалиев тәуелсіз еліміздің «Құрмет» орденімен, 2 рет Еңбек Қызыл Ту, «Отан соғысы», «Құрмет белгісі» ордендерімен және Қызылорда облысының, Қызылорда қаласының, Арал, Қазалы аудандарының Құрметті азаматы атағымен марапатталды.

    Ескерткіш-мүсіннің биіктігі – 1 метрді құрайды, тұғырының биіктігі – 2,3 метр. Қола материалынан дайындалған. Ескерткіш-мүсіннің авторы – суретші-мүсінші, КСРО және Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Амангелді Кененбаев.

    қатысты посттар

    1 маусымға қараған түні Алматыда блок-бекеттердің барлығы алынады

    Фариза

    Қызылорда: Жайылманың қарбызын сыртқа шығаруда қиындық болмайды

    Фариза

    Сырдариялық шаруа қожалығы 800 гектар жерге күріш екті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three + 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.