-15.1 C
Алматы
Четверг, 26 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

    Бүгін Шымкент қаласы әкімінің өкіміне сәйкес қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасыныңбасшысы лауазымына Есенова Ханзада Әзімханқызытағайындалды. 

    Ханзада Әзімханқызы 1972 жылы Шымкент қаласындадүниеге келген. 

    1995 жылы Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогика жәнемәдениет институтын, 2015  жылы Ресей білім академиясыӨнер және мәдениеттану институтын, 2016 жылы РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы жәнемемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Мамандығы — мәдени-ағарту жұмыстарының маманы-бос уақыт педагогы. Педогогика ғылымдарының кандидаты, іскерлікәкімшілендіру шебері. 

    Еңбек жолын 1989 жылы Шымкент қаласы Еңбекші ауданыкомсомол жастар ұйымының тіркеу секторының маманыболып бастаған. 

    1990-1991 жылдары «Шымкент шина» зауытында комсомол жастар ұйымы хатшысының орынбасары болған. 

    1995-1999 жылдары Шымкент қаласы Оқушылар үйіндебалалар мен жасөспірімдер студиясының ұйымдастырушы-педагогы болып жұмыс істеді. 

    1999-2000 жылдары Алматы қаласында дарынды балаларғаарналған «Дарын» республикалық ғылыми-практикалықорталығында қоғаммен байланыс жөніндегі жетекші маманболып еңбек етті.

    2000-2002 жылдары Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттықӨнер академиясында шығармашылық насихат бөлімініңмеңгерушісі, оқу-өндірістік практика меңгерушісі, директордың оқу-өндірістік практика жөніндегі орынбасарыболды. 

    2002-2017 жылдары Алматы қаласындағы Ә.Қастеев атындағы бейнелеу өнері және техникалық көркемдеумектебінің директоры болды. 

    2012-2017 жылдары Алматы қалалық маслихатының V-VI шақырылымдардағы депутаты болып сайланды.

    2018-2019 жылдары Алматы қалалық мәдениет жәнемұрағаттар басқармасының басшысы лауазымында қызметатқарды.

    2012 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін ҚазақстанРеспубликасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істеріжөніндегі Ұлттық комиссиясы жанындағы Материалдықемес мәдени мұраны қорғау Ұлттық комитетінің төрайымыболып еңбек етіп келген.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Қала әкімі Радиациялық медицина және экология ҒЗИ ұжымына жаңа басшыны таныстырды

    Шымкентте коронавирустан тағы бір адам көз жұмды

    Фариза

    Шымкенттік «Вal-tekstil» кілем фабрикасы мақтааралға жалпы құны 6 млн теңгелік кілем жіберді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.