-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында әлеуметтік төлемдер уақытылы төленіп келеді

    Қызылорда облысында 75 мыңнан астам ардагерлер, 11 ҰОС ардагері, 4 270 тыл ардагерлері. 75 мыңнан астам зейнеткерлер, 30 мыңнан астам мүгедектігі бар адамдар, 25 мыңнан астам көп балалы отбасы бар.

    Облыс бойынша 2020 жылдың 1 қыркүйегіне бюджеттен 56348 аз қамтамасыз етілген азаматтарға 3079,5 млн. теңге әлеуметтік көмектер төленді.

    Жалпы облыста бүгінгі күнге аз қамтылған 10866 отбасына 2956,7 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек төленді.Олардың 3596-ы көпбалалы отбасылар. Бір отбасына төленген АӘК-тің орташа мөлшері 46 мың теңгені құрады.

    Тұрғын үй көмегін көрсетуге 418, 8 млн. теңге қаражат қаралып, 4 029 отбасына 122.7 млн. теңге төленді.

    Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларындағы 1-6 жас аралығындағы 10 933 бала ай сайын кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етіліп отыр.

    «Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдауға бағытталған әлеуметтік қызметтер» әлеуметтік жобасы шеңберінде халықтың осал топтары қатарына жататын 225 азамат күнделікті бір мезгіл түскі ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр. Қимыл-қозғалысында қиындығы бар тұлғаларға ыстық тамақты үйлеріне жеткізіліп беріледі. Жобаны іске асыруға 2020 жылы 49,1 млн. теңге қаражат бөлінді.

    қатысты посттар

    Мас күйінде көлік жүргізгені үшін көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылып, 10 жыл темір торға тоғытылуы мүмкін

    Уәлибек: Биліктегілер қанша адам өлетінін біледі екен, неге аты-жөнімен айта салмайды, дайын жүретін едік

    Фариза

    Қызылорда облысында «Дипломмен ауылға» жобасы аясында 372 маманға жеңілдетілген тұрғын үй несиесі берілген

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.