Бүгін Шымкент қаласында елімізде жарияланған төтенше жағдай кезеңінде белсенді қызмет атқарған медицина және полиция қызметкерлеріне арналған «Астана Балет» театры ұжымының онлайн концерттік бағдарламасы ұсынылды.Концерттің ашылу салтанаты барысында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан елордалық өнер ұжымына алғыс білдіріп, арнайы марапаттады.
Шығармашылық қорда классикалық інжу-маржан қойылымдарымен қатар, Георгий Ковтун, Алтынай Асылмұратова, Ри-кардо Амаранте, Исян Чжан, Никита Дмитриевский, Николай Маркелов сынды заманауи хореографтардың бірегей туындылары орындалды.Айта кетсек, 2012 жылы ашылған «Астана Балет» театры өзіндік стилі мен қағидасы қалыптасқан, қазіргі заманауи талғамды халқымыздың байырғы құндылықтарымен байыта алған, жаңа мен көнені тоғыстыра білген өнер ұжымы болып саналады.
Театр ұжымының қойылымдары Қазақстанда ғана ғана емес, Ресей, Қытай, АҚШ, Әзірбайжан, Франция, Италия, Белоруссия, Бельгия, Жапония мен Польша елдерінде де ерекше ілтипатпен, зор ықыласпен қабылданып келеді.
Ф. Жандар