Воскресенье, 18 января 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТТІҢ «СТАНДАРТ» ФУТБОЛ КОМАНДАСЫ ӘУЕСҚОЙЛАР АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ


    Шымкенттің «Стандарт» командасы футболдан әуесқойлар арасында өткен Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды. 

    Чемпионат 18-20 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Оған 35 жасқа дейінгі жас категориясында 32 команда қатысып, 8 топқа бөлініп бақ сынады. 

    І тобында Сәтпаев қаласының «LFC JB — SATPAYEV», Қарағандының «ТЧЭ-14» және Жаңаөзеннің «Арлан» командаларынан басым түскен шымкенттік аяқдопшылар 1/8 финалда Қарағандының «Прогресс» командасын жеңді.

    Ал, ширек финалда Ақтау қаласынан келген «Атриум Геолог» командасын 1-0 есебімен жеңген  жерлестерімізжартылай финалда Қарағандының «К-MED» командасынұтты. Есеп — 4-2.

    Финалдық кездесу Нұр-Сұлтан қаласының «Есіл» саудаүйі» командасы мен шымкенттік «Стандарт» командасының арасында өтті. Тартысты өткен матчтың негізгі уақыты 5-5 есебімен тең аяқталды. Пенальтилер сериясындашымкенттік футболшылар 3-2 есебімен жеңіске жетіп, ел чемпионы атанды.

    Осымен 8 рет ұйымдастырылған чемпионат жеңімпазы Шымкенттің «Стандарт» командасы енді Украинада өтетін әлем чемпионатына қатысады.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Қазақстанда демалыс күндері (20-21 маусым аралығында) шектеу шаралары күшейтіледі

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАР ЖӘРМЕҢКЕСІНДЕ КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ САҚТАЛУДА

    Фариза

    Қарқынды алма бағының қарқыны жоғары

    Пікір қалдыру

    eleven + 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.