-11.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте қос науқасқа бүйрек трансплатациясы жасалды

    Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасында екінауқасқа бүйрек трансплантациясы жасалды. Дәрігерлер қос ананың бүйрегін науқас балаларына хирургиялық жолмен салып берді. 

    Бейбіт Сидазимов 2 жылдан бері бүйрек жетіспеушілігідертімен есепте тұрады. Науқас бұған дейін төсекке таңылып, гемодиализ аппаратына қосылған. Бүйрегінде ақауы бар 33 жастағы азаматқа туған анасы донор болды. Дәрігерлер 1965 жылғы азаматшаның бір бүйрегін хирургиялық жолмен алып, туған ұлына сәтті қондырған.

    Сонымен қатар, ұзақ жылдардан бері аурудың азабынтартқан Түймебай Асылбекке анасы Бижанова Аққыз бірбүйрегін берді. Туыстық транспланталогияны дәрігерлер 10 қыркүйек  күні жасаған. Екі сағатқа  созылған бүйрек ауыстыру отасы сәтті аяқталды.     

    Айта кетейік,  Шымкент қалалық клиникалық ауруханасында трансплантациялық қызмет қарқынды дамып келеді. Мұнда 2013 жылдан бері 160 бүйрек пен 21 бауыр алмастыру операциясы жасалды. 

    Аурухана материалдық-техникалық тұрғыдан толық жабдықталған. Мұнда ағзадағы органдарды ауыстыружағынан тәжірибесі мол мамандар жұмыс істейді. Ауруханадағы гемадиализ орталығында бүйрек алмастыруотасын қажет ететін 400-ге жуық науқас есепте тұр. Донор табылған жағдайда білікті мамандар науқастарға трансплантация жасауға дайын.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Келешегі кемел кәсіпорын

    ШЫМКЕНТ: Қала әкімі М.Әуезов атындағы оқу ұжымымен кездесті

    Фариза

    Қызылорда: Көлік инфрақұрылымы нысандарында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы бақылауда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    15 − 14 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.