Суббота, 25 января 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстары жанданады

    Қызылорда облысында 996 Үкіметтік емес ұйым тіркелген. Бірақ соның 454-і ғана белсенді жұмыс істейді. Енді құжат жүзінде құрылып, қоғамға пайдасы жоқ бірлестіктер жабылады. Облыстық ішкі саясат басқармасы осы мәселені қолға алды.

    Азаматтық бастамаларды қолдау және оларға жан-жақты көмек көрсету Жолдауда көрсетілген басты міндеттерінің бірі. Сондықтан қоғамдық бірлестіктердің жұмысы жанданады. Оларға алдымен әдістемелік көмек көрсетіледі.

    «Қазір сын сағаттағы сыналған тұсымызда біздерге береке мен бірлік, бір-бірімізге қолдау, жұмыла жүк көтеру ауадай қажет. Қазіргі ахуалға байланысты тың, жаңа әлеуметтік жобалар қажет. Ол үшін біз өңірдегі азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп қыркүйек айының соңында «Әлеуметтік жобалар жәрмеңкесін» өткізуді жоспарлап отырмыз. Ұсынылатын жобаларды біз ең алдымен Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын міндеттерге бағыттаймыз», – дейді басқарма басшысы М.Қазбекова. Сондай-ақ, жолдауды ақпараттық сүйемелдеу жөнінде арнайы облыстық медиа-жоспар әзірленіп, облыс әкімімен бекітілді. Медиа-жоспар 3 негізгі бөлімнен, 145 тармақтан тұрады. Бүгінгі күнге дейін Жолдаудың негізгі міндеттерін насихаттау бағытында бұқралық ақпарат құралдарында барлығы 2415 материал жарияланды

    қатысты посттар

    Сырдариялық шаруа қожалығы 800 гектар жерге күріш екті

    Фариза

    Біртановтың адвокаты экс-министрдің «заңсыз қудалануына байланысты» Тоқаевқа шағымданды

    Фариза

    Биыл магистранттар үшін жақсы мүмкіндік болмақ

    Пікір қалдыру

    five × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.