23.4 C
Алматы
Воскресенье, 24 августа 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: «Жас маман» жобасы аясында колледжге құрал-жабдықтар алынды

    Шымкент қаласында «Жас маман» жобасы аясындаШымкент қаласы білім басқармасына қарасты  «Жол — көлікколледжі» МКҚК-не қажетті құрал-жабдықтар алынды. 

    Аталмыш жоба аясында колледждің  материалдық-техникалық базасын халықаралық стандарттар талаптарынасай, соңғы заманауи үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында тиісті қаржы бөлген болатын. Осыған орай «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»  және «Темір жолкөлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару» мамандықтарына керекті жабдықтар жаңартылды. 

    40–қа жуық  құрал-жабдық алынып,  колледж базасынатолық орнатылған. Олардың қатарында Bosch FSA 740 автокөлік жүйелерінің диагностикалық кешені (мототестер), LAUNCH  X431 Pro 3 диагностикалық мультимаркалысканері, Р-500Е әмбебап стенд, жүк автомобилінің механикалық беріліс қорабы, электрлендірілген стенд «Теміржол бағдаршамдарының сигнал беру жүйесі», «Талшықты-оптикалық байланыс ВОЛС-4» оқу-практикалық кешені секілді қондырғылар бар.

    Айта өтейік, ҚР Тұңғыш Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен іске асырылған «Жас маман» жобасының негізгі мақсаты — халықаралық стандарттар талаптарына сайжоғары білікті мамандарды дайындау және колледждер мен ЖОО-н заманауи үлгіде модернизациялау болып табылады.  

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    «Қызылорда-Жезқазған» бағытындағы тас жолын жөндеу жұмыстары басталады

    Фариза

    Жамбылда 112 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

    Фариза

    Б. Сапанрбаев: Жол бойында жайылған мал иелері қатысты тексерістер жүргізу маңызды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four + twelve =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.