16 C
Алматы
Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада «Өңірдің геоақпараттық жүйесі» құрылады

    Қызылорда облысында «Өңірдің геоақпараттық жүйесі» құрылады. Жоба негізінде жерге қатысты деректер сандық форматқа көшіріліп, рәсімдеу мерзімі қысқарады. Бұл туралы облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Қарабаев мәлімдеді.

    «Соңғы бес жылда 430 мың га ауыл шаруашылығы жері айналымға енгізілді. Биылға 60 мың га жер учаскесін табыстау жоспарланған. Жер қатынастары саласын цифрландыру, одан әрі дамыту үшін ҚР Жер кодексіне өзгерістер енгізілетін болады. Бұл өзгерістер жер саласындағы бюрократиялық рәсімдерді болдырмау, жер беру рәсімдерін біріздендіру, қағазсыз қызмет көрсету, жер рәсімдеудің барлық кезеңінде ашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бастысы, конкурс арқылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді рәсімдеу мерзімі 6 айдан 1 айға дейін, ал басқа мақсаттағы жерлерді рәсімдеу 2 айдан 15 күнге қысқарады. Оны облыста жүзеге асыру үшін «Өңірлік геоақпараттық жүйесін» құрамыз. Қазір жұмыстар жүргізілуде», – дейді Ғалымжан Мырзахметұлы.

    Сондай-ақ, өңірде мал шаруашылығын дамыту бағытында да шалғай ауылдардағы су көздерін түгендеу жұмыстары да жүргізілмек.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында жылу беру маусымына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде

    Фариза

    Қармақшыда шағын өндірістік цехтардың жұмысы жолға қойылған

    Фариза

    Алматылықтарға жылу ақысын қайта есептеп береді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.