-4.1 C
Алматы
Понедельник, 25 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Жамбыл облысында ауыл әкімі Сәкен Сейфуллиннің атын көшеден алдырып тастап, өз әкесінің атын бергізген – Мұхтар Тінікеев

    Жамбыл облысында ауыл әкімі көшеге өз әкесінің атын бергізген. Шенеунік бұл қадамға бару үшін алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің атын көшеден алдырып тастаған көрінеді. Бұл туралы ҚР Парламентінің экс-депутаты Мұхтар Тінікеев өзінің Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq-ruhy.kz порталына сілтеме жасап.

     «Жамбыл облысы Мыңарал ауылында С. Сейфуллин атындағы көшені өзінің әкесі немесе туысы С. Қашқынбековтың атына ауыстырған. Мүмкін, ол ауылға еңбегі сіңген адам шығар, бірақ әкімдердің өз туыстарына көше атауын бергізуі қашан тоқтайды?  Иә, мен де С. Сейфуллиннің руы – Тоқа руынанмын. Бірақ мен қазақты руға, жүзге немесе нағыз қазақ  деп бөлмеймін. Дегенмен тарихи тұлғаның есімі берілген көше атауының өзгеруіне қарсымын», — деп жазды М. Тінікеев.

    «Азаттық рухының» тілшісі аталған жайды анықтап көруге тырысты. Мыңарал ауылының әкімі расымен де көшеге өз әкесінің атын бергізген болып шықты. Бірақ ол осыдан 17 жыл бұрын  болған. Сол жылдары Мыңаралда әкім болған Талғат Қашқынбековтың әкесі ҰОС  және еңбек ардагері болып шықты. Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары Амангелді Нәметқұловтың сөзінше, тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды.

    «Аталған жағдайдан кейін архив құжаттарын көтерткіздік. Бұл жағдай бұрын ауыл тұрғындарының өтінішімен ауысқан. Сейфуллиннің атын ешкім алып тастаған жоқ. Талғат  қазір әкім емес, оның Нұр-Сұлтан қаласынан туыстары келген. Қонақтарға  бәрін түсіндірдім. Ардагерге берілген көше шет жақта, ол көшеде бұрын атау болмаған»,- деді аудан әкімінің орынбасары Амангелді Нәметқұлов.

    Жамбыл облысы әкімдігінің мәліметінше, шешімді сол кездегі ауыл әкімі шығарған. Экс-депутаттың жазбасы қызметтік тексерістің басталуына түрткі болды.

    «Мыңарал ауылдық округі әкімінің 2003 жылғы 18 қыркүйектегі №21 шешімімен Мыңарал ауылында (қазіргі ауыл) еңбек және соғыс ардагері Саршөкен Қашқынбековтің құрметіне бір көшеге есімі берілген. Мыңарал станциясындағы шағынауданнның тағы бір көшесі Сәкен Сейфуллин есімімен әлі де аталады.

    Яғни, аталған шешімге сәйкес, С.Сейфуллин атындағы көше С.Қашқынбеков көшесі болып өзгертілмеген.

    Сондай-ақ, азамат М.Тінікеевтің аталған факт бойынша жазбасына байланысты Жамбыл облысы әкімінің аппараты қызметтік тексеріс тағайындады»,- делінген хабарламада.

    https://www.facebook.com/100021071661695/posts/629235471122169/?d=n

    қатысты посттар

    Қазақстанда Абай, Ұлытау және Жетісу атты жаңа үш облыс құрылады

    Фариза

    «Алтын орда» базары біреулер үшін «майшелпекке» айналды» Токаев тәртіп орнату үшін екі ай уақыт берді

    Фариза

    Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Жаңақорған ауданында болды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eighteen + 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.