Қашықтан оқыту кезінде оқушыларға электронды құралдармен қамтамасыз етуде Қызылорда облысында жергілікті және республикалық бюджет қаражат есебінен электронды техникалар алынуда.
Ең әуелі мектеп балансындағы компьютерлер берілді. Мектептердегі жалпы компьютерлер саны- 20856. Оның жарамдысы – 14203 (6653 компьютер қашықтан оқытуға жарамсыз).
Қашықтан оқитын 134 711 (228 мектеп) оқушының 95 149-да (71%) компьтерлік техникалық құралдары бар.
Тек қана смтартфоны бар компьютері жоқ 39 562 (29%) оқушыны компьютерлік техникамен қамтуға тиісті жұмыстар ұйымдастырылуда. Тамыз айында мектеп баланысындағы 14 203 компьютер оқушыларға уақытша пайдалануға берілді.
Жергілікті бюджет есебінен 150,5 млн.теңге қаржыға техникалар алынды. Сонымен бірге 2492 планшет сатып алынды.
Сонымен қатар «Мектепке жол» акциясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 1518 оқушыға ноутбуктер мен планшеттер берілді.
Қашықтан оқыту кезінде қажеттілігі жоғары оқушыларға Үкімет қоры есебінен бөлінген компьютерлер мен ноутбуктер келе бастады. Жақында Сыр еліне 1503 электронды техника әкелінді. Оның 1000 ноутбук пен 503 планшет.
Компьютерлік техникалары мүлдем жоқ, смартфонмен білім алып отырған оқушылар үшін 22 870 дана электронды техникалар алу үшін 3,4 млрд. теңге қаражат бөлінді. Оның 4802 планшет, 14362 ноутбук, 3706 компьютер алынады.
Компьютерлік техникалардың жеткізілу уақыты келісім-шарт бойынша 28 қыркүйекке жоспарланған. Қазіргі еүгі кезең-кезеңімен компьютерлер келуде.
Айта кетейік, Үкімет қоры есебінен бөлінген қаржыға алынатын компьютерлерді сатып алу бойынша конкурс жұмыстары ашық, тәуелсіз бақылаушылардың жұмысшы тобымен бірге жасалды.
Баса айту қажет, бұл компьютерлер келісім-шарт негізінде балаларға уақытша беріледі. Пандемия кезеңі аяқталған кезде электронды құрылғылар мектеп балансына өтеді.