-13.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: «Shymkent Bike» велосипедтерін пайдаланушылар көбеюде

    Шымкент қаласында қыркүйек айының басында қайта іскеқосылған «Shymkent bike» велостанцияларынан бүгінгікүнге дейін тұрғындар 4 324 рет велосипед  жалға алған. 

    Бұл жөнінде бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің жол-көлікинфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстарментанысуы кезінде белгілі болды.

    Жобада 160 велосипеді бар 40 велостанция қарастырылған.Әзірге соның 31-і жұмыс істеп тұр. Қалған 9 станция алдағыуақытта іске қосылады. 

    Қыркүйек айының басынан бері 100-ге жуық абоненттіккарта сатылса, 31 тұрғын өз картасын қайта қалпынакелтіріпті. Сондай-ақ, 39 карта иесі абономент мерзімінұзартса, 21 клиент қосымша баланс алған.

    Пайдаланушылар үшін қолжетімді әрі ыңғайлы тарифтікжоспарлар әзірленген. «BIKE SHARING» жүйесі арқылывелосипедті алғашқы 30 минут тегін пайдалануға болады. Одан кейін тарифке сәйкес 1 сағат үшін -100 теңге, 2 сағатүшін – 250 теңге, 3 сағат үшін – 500 теңге, ал 3 сағаттан асса 1 000 теңгеден жұмсалады. Сонымен бірге 1 айлықабонемент – 2 500 теңге, 3 айлық абонемент – 6 000, 1 жылдық абонемент – 10 000 теңге тұрады. Айта кетейік, велостанциялар күннен қуат алады.

    Мұрат Дүйсенбекұлы алдағы уақытта қалада веложелініодан әрі дамыту жоспарланып отырғанын айтты. Осы мақсатта  даниялық «Copenhagenize Design Co.» компаниясымен бірге зерделеу жұмыстары жүргізіліп, 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы қабылданған. Соғансәйкес, қалада веложеліні толық жетілдіріп, тұрғындардыңпайдалануына ыңғайлы ету үшін 1500 велосипеді бар 200 велостанция салу қажеттігі анықталған.

    Биыл Д.Қонаев даңғылы мен Ғ.Иляев, Ә.Жангелдин, А.Асқаров, А.Байтұрсынұлы және Түркістан көшелерініңбойына веложолақ салынып, кезең-кезеңімен пайдалануғаберілуде. 

    Ребрендинг кезінде бұрын жиі пайдаланылмайтын 11 станция осы көшелердің бойына көшірілген. Істен шыққанвелосипедтер жөнделіп, жаңартылған. 

    Тұжырымдамаға сәйкес, 2025 жылға қарай Шымкентте 110 шақырым веложолдар болады. Қазір оның жалпы ұзындығы20 шақырымға тең.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Қызылордада Кеңес Одағының Батыры Жәлел Қизатов есімі ұлықталды

    Фариза

    Шығыстан сақтардың қонысы табылды

    Қызылорда: Қармақшы ауданында биыл 36 шағын өндіріс орны іске қосылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.