Пятница, 27 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: Жалпықалалық сенбілікке 30 мыңнан астам адам қатысты

    World clean up day Дүниежүзілік акциясы аясында Шымкент қаласында сенбілік өтті. 

    Дүниежүзілік акцияның мақсаты —  экологиялық білімдіарттыру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу. 

    Аталған сенбілікке қала әкімі Мұрат Әйтенов, қала әкіміаппаратының және мәслихат аппаратының қызметкерлеріқатысып, Дендросаябақ аумағына тазалық жұмыстарынжүргізді. 

    Сондақ-ақ, шаһар басшысы дендрологиялық саябақтағытұқым бағын аралап, отырғызылған көшеттерді көрді.

    Биыл саябаққа гендік қорды көбейту үшін жаңа ағаштүрлерінің 42 түрінен жаңа көшет, 39 түрінен 5 341 дана ағаш-бұта отырғызылған болатын. Ал тұқымбақта 62  ағаштүрлерінен 8469 түп көшет өсірілуде.

    Одан өзге сенбілік кезінде құрылымдық басқармалар мен аумақтық органдар қала көшелерінде, жергілікті ауданәкімдері коммерциялық нысан қызметкерлерінің, кәсіпорынұжымдарының, ауыл билері мен кондоминиум нысандарының төрағаларын тарта отырып тұрғын үйаулаларының тазалау жұмыстарын жүргізді.

    Сонымен қатар, Еріктілер жылына орай акцияның өтуіне100 -ге жуық қалалық жастар орталығының мамандары мен жастар ұйымдарының белсенділері ат салысты. ОларШымкент қаласы бойынша экология департаментіқызметкерлерімен бірге  Бадам өзені аумақтарын тазалап, қоқыстарды түріне қарай бөлек жинады.

    Іс-шараға жалпы 30 000-нан астам адам қатысып, 60-қа жуық қоқыс тасымалдайтын және артатын техникаларжұмылдырылды.

    Қалалық қоқыс полигонына 220 тоннадан астам қоқысшығарылды.

    Айта кету керек, барлық жұмыстар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жасалынды.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ: Қала әкімі М.Әуезов атындағы оқу ұжымымен кездесті

    Фариза

    Шымкентте дін істері басқармасы құрылды

    Фариза

    ШҚО денсаулық сақтау саласының үздік мамандары марапатталды

    Пікір қалдыру

    15 + fourteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.