-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Уәлибек: Биліктегілер қанша адам өлетінін біледі екен, неге аты-жөнімен айта салмайды, дайын жүретін едік

    Қазақстандық актер Уәлибек Әбдірайымов биліктегілерге өкпесін айтты. Барлығын алдын ала болжап отырғандар нақты деректер келтірсін дейді. Бұл оның коронавирустық пандемияға қатысты айтқаны.

    Бұл туралы Qazweek.kz  ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

    Бұл туралы Уәлибек мырза әлеуметтік желіде Нартай Аралбайұлымен тікелей эфирге шыққан сәтте айтты.

    Уәлибек Әбдірайымов коронавирустық пандемияға қатысты ойын айтты. Бәрі шенеуніктердің болжамы бойына орындалып жатыр дейді актер.

    «Менің бір таңғалатыным — бәрі солардың айтқаны бойынша орындалып жатыр. Қай уақытта болады, қанша адам ауырады, қанша адам жазылад, қаншаы қайтыс болады, бәрін айтып жатыр. Ақыры айтты екен, неге аты-жөндерімен айтпайды екен? Кімнің ауыратынын, өлетінін, аты-жөнін айтса, дайындала беретін едік. Тізімде болсақ, айналадағыларымызбен қоштаса беретін едік», — деп қағытты ол.

    Әзілкеш қазіргі министрлердің жұмысына көңілі толмайды.

    «Бір министр осы іске жауап беру керек қой. Өткелден өтер сәтте қазақ атты ауыстыра ма? Ауыстырмайды. Ал, бізде ауыстырып жатыр. Екі ай сайын министр ауысып жатыр? Одан не өзгеріп жатыр? Нәтиже бар ма?», — деді Әбдірайымов.

    Желідегі жұрт «актердің сөзінің жаны бар» десіп жатыр. Енді бірі «өліммен ойнауға болмайды» деп ескертті. «Алдағыны Алла ғана біледі» деп жазды желідегі жұрт.

    қатысты посттар

    Мобильді аударымдар қашан реттеледі және ереже бұзғандар қалай жазаланады?

    Фариза

    Тұтынушыларды электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу үдерістерін жақсартуға бағытталған құқықтық түсіндіру жөніндегі Түркістан облысындағы дөңгелек үстел

    Фариза

    Елордалық жас сарбаздар Шекара қызметіне мерзімді қызмет атқаруға аттануда

    Пікір қалдыру

    19 − six =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.