2.8 C
Алматы
Среда, 4 марта 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Карантин қазан айында жалғасын таба ма: Министрлік жауап берді

    Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі елімізде қазан айында карантин болады ма деген сауалға жауап берді. Бұл туралы Qazweek.kz ақпарат агенттігі zakon.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қоджахметов қазан айында карантин қандай жағдайда енгізілуі мүмкін екенін айтып берді.

    «Бүгінде Қазақстанда орта есеппен ПТР арқылы ауырғандары расталған тұрғындар саны 500-600 мың аламды құрап отыр. Егер бұл көрсеткіш кенеттен 30 мыңға жетсе, бұл елде қатаң карантиндік шаралар қолдануға басты себеп болады», — дейді ол.

    Маманның айтуынша бүгінгі таңда еліміздің денсаулық сақтау жүйесі коронавирус індетінің екінші толқынына тойтарыс беруге барынша әзір отыр.

    «Бүгінде денсаулық сақтау жүйесі (екінші толқынға — ред.ескертпесі) дайын отыр. Маусым-шілде айында біз ащы тәжірибеден өттік, бұл ақпараттарды ескерген біздің жүйе толықтай дайын отыр. Десе де, екінші толқыннан Құдай бәрімізді сақтасын», — дейді Бағдат Қоджахметов.

    Маман қажеттілік туындаған жағдайда мекеме Қазақстанда стационарларда 70 мыңнан астам жатын орнын әзірлеуге дайын отырғанын алға тартты.

    қатысты посттар

    900 мыңға жуық адамға 42 500 теңге көлемінде төлем тағайындалды

    Фариза

    Елжан Біртановтың адвокаттары Президенттен көмек сұрады

    Фариза

    Қонаев қаласындағы  казинолар жұмысын жалғастыра ма

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twenty − 15 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.