33.8 C
Алматы
Суббота, 17 мая 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Жалағаштық ерікті жастар түрлі бағыттағы 10 жобаның грантын иеленді

    2020 жыл «Еріктілер жылы» аясында Жалағаш ауданының ерікті жастары түрлі бағыттағы 10 жобаның жеңімпазы атанды. Барлық жобаның құны 3 млн 600 мың теңгені құрайды.

     Атап айтқанда, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен «Қызылорда облысының ауылдық ҮЕҰ-дың және бастамашыл топтардың әлеуетін көтеруге арналған 3 грант, «Birgemiz Sabaqtastyq» жалпыұлттық жобасы аясында 2 шағын грант, «Birgemiz: Umit » волонтерлік бағыты бойынша 4 шағын грант, «Birgemiz: Saulyq» волонтерлік бағыты бойынша 1 шағын грант иеленді.

    Жобалардың барлығы тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, бұқаралық спортпен айналысу, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, психологиялық-педагогикалық, медициналық көмек көрсету мақсатында жүзеге асырылуда.

    Ауданда алдағы уақытта шағын грант иеленуге 7 бағыт бойынша 30 жобаға өтінім берілген.

    қатысты посттар

    Жантүршігерлік жағдай: Үш басты сәби өмірге келді

    Қызылорда: Жалағаш ауданында егін жинау науқаны 5 қазанда аяқталады

    Фариза

    Қызылорда облысында орман қоры 6,5 млн гектарды құрайды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eight + two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.