Вторник, 25 февраля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада 200 орындық модульдік аурухана салынуда

    Қызылордада 200 орындық тез тұрғызылатын модульдік аурухананың құрылысы жүруде. Жоба құны 6 миллиард 700 миллион теңгені құрайды. Іргетасы монолиттен, шатыры сэндвич панельден, сыртқы қабырғалары зауытта жасалған блоктан салынуда.

    «Қызметкерлерге арналған үй-жай, әкімшілік және диагностика бөлімі, санитарлық өткізу аймақтары болады. Жалпы, 56 екі орындық палата, 16 үш орындық палата, 6 бір орындық және 7 екі орындық бокс, қарқынды терапия бөлімшесінде 20 төсек қамтылған», – дейді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Бердияр Прімбетов.

    Сондай-ақ, қаланың Сол жағалауында «100 келушіге арналған емханасы бар 300 төсектік көпсалалы аурухана», «Отбасылық медициналық орталық», «300 орындық жатақханасы бар 400 орындық физика-математика мектеп-интернаты», «Салтанат сарайы», көгалды хоккей алаңы, «Облыстық қазақ музыкалық-драма театры», «Облыстық қан орталығы» секілді ғимараттар салынатын болады.

    қатысты посттар

    Сырдариялық шаруа қожалығы 800 гектар жерге күріш екті

    Фариза

    ҚЫЗЫЛОРДАДА ЭПИДАХУАЛ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

    Фариза

    Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары үйқамаққа ауыстырылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.