Пятница, 27 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкенттік ғалымдар ауыл шаруашылығы саласында ақылды технологиялар дайындап жатыр

    Бұл жөнінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің М.Әуезов атындағы ОҚУ ұжымымен кездесуі кезінде белгілі болды.Техника ғылымдарының кандидаты, «Ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландыру» ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі Бердияр Қалымбетов «Ақылды ауыл шаруашылығы» концепциясын дайындап жатқанын, жыл соңына қарай қала басшысының назарына ұсынатынын айтты.

    «Сіздің тапсырмаңызбен қала маңында «Ақылды ауыл шаруашылығы» деп аталатын мекеме құруды ұсынамын. Ол біздің университеттің ғалымдары жасап шығарған ең жаңа технологиялар мен цифрлы машиналардың барлық мүмкіндіктерін біріктіруі тиіс. Оның құрамында «Ақылды дала», «Ақылды ферма», «Ақылды жылыжай» және «Ақылды бау» деген бөлімшелер болады. Бұның әрбірі жеке-жеке жоба. Біз барлық 5 бағыт бойынша жұмыс істегіміз келеді. Жыл соңында осы концепцияны Сізге ұсынсақ, көріп, бекітіп беруіңізді және қолдау көрсетуіңізді сұраймыз», — деді ол.

    Өз кезегінде қала әкімі бұл жобаларға кәсіпкерлерді тарту қажеттігін жеткізді. Яғни, ғылыми жаңалықтарға бизнес қауымдастықтың назарын аударып, біріккен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру керектігін айтты.«Қалаға өте қажетті, маңызды жұмысты бастап кетіпсіздер. Біз қолдаймыз. Алдағы уақытта тағы да кездесіп, ақылдасу қажет»,- деді қала әкімі.

    Сондай-ақ, Бердияр Есбатырұлының айтуынша, біздің өңірде бір жылдың 210 күні жылы, шуақты болып тұрады. Соны тиімді пайдаланып, көкөніс шаруашылығында 1 жылда 3 рет өнім жинауға болады екен. Ғалымдар оның да арнайы технологиясын жасап шығыпты.Айта кетейік, Бердияр Қалымбетов жаңа, жетілген техника мен технологияларды жасауға қомақты үлес қосқан және «Қазақстан Республикасы ғылымының дамуына сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Ол 7 ғылыми жоба мен бағдарламаның жетекшісі болған. Бүгінде оның төртеуі аяқталып, нәтижесі өндіріске енгізілген.

    Ф. Жандар

    қатысты посттар

    Шымкент: Еңбекші ауданында биыл 64 аула абаттандырылады

    Фариза

    Түркістан облысының әкімі Өмірақ Шөкеев төтенше жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

    Фариза

    Шымкент: Қала әкімдігінің қолдауымен еріктілер мен полиция қызметкерлері бірігіп тұрғындарға бетперде таратты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fourteen − three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.