-12.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Арал ауданының аумағында геологиялық барлау жұмыстары жүргізіледі

    Аралдың жер қойнауы қазба байлыққа толы болуы әбден мүмкін. Осы бағытта таяу күндері еліміздегі «Тау-кен Самрұқ» Ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамы» тарапынан аудан аумағында геологиялық барлау жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланып отыр. Геологиялық барлау жобасы «Тау-кен Самрұқ» Ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамының» әріптесі – «Кazakhstan Fortescue» компаниясымен бірлесіп іске асырылатын болады.

    Ағымдағы жылдың 8 маусымында жасалған «Taý-Ken Samuryq» ҰТК» АҚ мен «Кazakhstan Fortescue» ЖШС арасындағы операциялық келісімге сәйкес іздеу жұмыстары еліміздің төрт облысы: Қарағанды, Алматы, Ақтөбе және Қызылорда облыстарының аумағында жалпы алаңы 18 000 км2 жүргізілетін болады.

    «Кazakhstan Fortescue» ЖШС-металлургия өнеркәсібінің әлемдік көшбасшысы «Fortescue Metals Group Ltd» жүз пайыздық еншілес компаниясы. «Fortescue Metals Group» өндірістің жоғары мәдениетіне, инновацияларға, әлемдік деңгейдегі инфрақұрылым мен тау-кен активтерінің озық дамуына бағдарланған.

    «Кazakhstan Fortescue» экономиканы электрлендіру мен көміртексіздендіруді қолдай отырып, өнімдерді әртараптандыру және активтерді дамыту есебінен болашақта өсуді ынталандыру үшін өзінің әлемдік деңгейдегі геологиялық барлау тәжірибесіне, өндірістік беделіне, өз қызметкерлерінің дағдылары мен қабілетіне сүйенеді. Осы орайда аталмыш компания мысты қоса алғанда, бірқатар шикізат тауарларына байланысты мүмкіндіктерді зерттеу үшін «Taý-Ken Samuryq» компаниясымен бірге қызмет етуді көздеп отыр.

    Атап өткен жөн, ағымдағы жылдың тамыз айында Қызылорда облысының әкімдігі мен «Тау-кен Самрұқ» Ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамы» арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.

    Бірінші жыл ішінде «Кazakhstan Fortescue» қолда бар геологиялық деректерді жинап, талдайды, сондай-ақ магниттік және гравитациялық деректерді жинау үшін кең ауқымды аэрогеофизикалық зерттеулер жүргізеді.

    Геофизикалық түсіру кейінгі жылдары минералданудың перспективалы аудандарын анықтау және талдау үшін құрылымдық геология мен картаға түсіруді егжей-тегжейлі түсіндірумен, сондай-ақ кешенді жерүсті геофизикалық зерттеулермен және бұрғылаумен толықтырылатын болады.

    Айта кетейік, компания өзі жұмыс істейтін өңірлердің экономикалық дамуын, қауіпсіздігін, еңбекті, экологияны қорғауды қолдауға және жергілікті қоғамдастықтарды жан-жақты қолдауға ерекше назар аударады.

    Аталған компаниялар тарапынан біздің ауданымыз да геологиялық барлау жұмыстарына таңдалған аумақтар қатарына еніп отыр. Тіркелген ақпараттық материалда көрсетілгендей, барлау бағдарламасының бастапқы кезеңі 2020 жылдың қыркүйегінен желтоқсанына дейін жалғасады және ауада геофизикалық зерттеулерді қамтиды. Мамандандырылған ұшақ Жердің табиғи магниттік интенсивтілігі мен гравитациялық өрістерін өлшейтін соңғы геофизикалық жабдықты қолдана отырып, зерттеулер жүргізеді.

    Ұшақ күн сайын күндіз жерден шамамен 80 шақырым биіктікте ұшады. Аэрофототүсірудің жалпы ауданы шамамен 18000 км² құрайды. Жабдықта радиация жоқ, ол жердің табиғи магниттік беріктігін сенсор көмегімен өлшейді.

    Гесологиялық зерттеу түсірілімі ағымдағы жылдың желтоқсан айы ішінде 1 957 км² аумақты қамтитын Қызылорда аймағында және Арал ауданының аумағында жүргізіледі. Аэрофототүсірілім деректері осы аймақтағы жер жағдайына және қосымша зерттеуді қажет етуі мүмкін пайдалы қазбалар, кен орындарын анықтауға пайдаланылатын болады.

    қатысты посттар

    Елімізде бала үш жасқа толғанша жәрдемақы берілуі мүмкін

    Алматы қаңтар қырғыны кезінде зардап шеккендерге өтемақы төлеуді бастады

    Фариза

    Қазалылық кәсіпкер оттегі баллондарын толтыруға көмек көрсетті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    18 − sixteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.