-4.1 C
Алматы
Понедельник, 18 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: Қала әкімі азаматтарды онлайн режимде қабылдады

    Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов онлайн форматта азаматтарды жеке мәселелері бойынша  қабылдады. Онда тұрғындар инфрақұрылым, жер , заңсыз құрылыс жұмыстары секілді түрлі мәселелерін ортаға салды. 

    Солардың бірі Чинара Абишева, қала әкіміне Уалиханов көшесінде орналасқан «Алатау» аялдамасының жай-күйін баяндады. Тозығы жеткен аялдамаға жөндеу және тазалық жұмыстарын жүргізуді сұрады. 

    Мәселеге қаныққан қала әкімі тиісті сала басшысына аялдаманы жыл соңына дейін жөндеп, реттеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды. 

    Сонымен қатар, жеке қабылдауға келгендердің бірі қаламыздың жанашыры, белсенді ардагер Жамбыл Мусуров бірнеше мәселені талқыға салды. Әрбір сұрағына жауап берген Мұрат Дүйсенбекұлы нан сапасына қатысты мәселеде әкімдік тарапынан арнайы топ құрып, құрамына Жамбыл Мусуровты қосуды және нәтижесін тез арада баяндауды тапсырды. 

    Ал, Валентина Волынец Әл-Фараби ауданы Әбдіразақ көшесі №4 көпқабатты үйдің шатырын жөндеп беруді сұрады. Бұл мәселе бойынша аудан әкімі тұрғындармен кездесетін болды. 

    Онлайн қабылдауға келген барлық тұрғынның мәселесі жеке талқыланып, қала әкімі өз бақылауына алғанын айтты. 

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкентте қайтыс болған дәрігерлердің отбасына мемлекеттік наградалар табыс етілді

    Фариза

    Мәдени нысандардың маңызы артады

    Шымкентте жасалған тайқазан көшірмесі Түркістандағы көрмеге қойылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.