-0.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Шиеліде автожолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі меморандум жасалды

    Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімдігі мен «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ-ның автожолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қойды.

    Меморандумның мәні – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның, оның еншілес және тәуелді ұйымдарының өндірістік қызметін жүзеге асыру орындарында, технологиялық жолдарда қауіпті жүктерді, тауар-материалдық құндылықтарды және жолаушыларды тасымалдау кезінде, тәуліктің қараңғы уақытында жергілікті халықтың ірі үй жануарларына жарық шағылыстырғыш таспаларды (қарғыбауларды) тағу жолымен жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру болып табылады.

    Үй жануарларының жайылу орындарының бірі – жол жиегі. Сондықтан, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алдын – алу жұмыстар жүргізу және ірі үй жануарларымен соқтығысудан жол – көлік оқиғасы тәуекелдерін төмендету маңызды.

    Осыған орай, жол – көлік оқиғаларын болдырмау үшін, жарық шағылыстырғыш таспаларды пайдалануды енгізу қажет, бұл жүріс бөлігіне жақындап келе жатқан жануарды байқауға мүмкіндік береді.

    Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Әкімдікке өтеусіз негізде 3930 дана жарық шағылыстырғыш таспалар береді, Әкімдік оларды жануарлардың иелеріне таратып, жарық шағылыстырғыш таспаларды пайдалану қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

    қатысты посттар

    Қызылорда қаласында эпидахуал тұрақты бақылауда

    Фариза

    Қызылорда: Көп көмегі кеселдің бетін қайтарады

    Фариза

    Атырау облыстық перзентханасында шақалақ жерге құлады — Бас дәрігер өз еркімен жұмыстан кетті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eight + twelve =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.