Вторник, 18 ноября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте 3 500- ге жуық кезекші сынып ашылды

    Пандемияға байланысты елімізде оқу жүйесі қашықтан оқыту форматында  жүріп жатыр.  

    Бүгінде үшінші мегаполис саналатын Шымкент қаласында жеңілдетілген карантин режиміне сәйкес  1-4  сынып оқушылары мектеп қабырғасында білім алып жатыр. 

    49 640 бастауыш сынып оқушысы үшін ата-аналардың өтініші негізінде 3 344 кезекші топ  ашылды. Яғни білімалушылардың 22 проценті мектепке барып жатса, қалған 78 проценті қашықтан білім алуда.    

    Барлық мектептерде «Bilim Iand — Onlinemektep.org» интернет платформасында қашықтан оқыту ұйымдастырылған.  Сонымен қатар, барлық мектептер ҚРБҒМ тарапынан ендірілген «Күнделік.кз» электрондыжурналдар ақпараттық жүйесінде жұмыс жүргізіп жатыр. 

    Балалар мектепке кірмес бұрын күнделікті дезинфекциялық өткелден өтуі тиіс. Әріқарай олардың қызуы өлшеніп, антисептик құралымен қолдарын залалсыздандырады. Сондай-ақ, өзімен бірге медициналық бетпердесі жоқ оқушыға жаңа маска беріледі. 

    Әр кабинеттегі бала саны 15-тен аспайды. Өзара  1,5 метр арақашықтықта қойылған әр партада тек бір ғана оқушы отырады. Кезекші сыныптардағы сабақтар әр уақытқа қойылған. Үзіліс те әртүрлі уақытта болып жатыр. 

    Г. ҚАПАЛ 

    қатысты посттар

    ШҚО-да өтетін қазақ күресі турниріне тұңғыш рет Итальяның спортшылары қатысады

    Шымкент: Маусымда 14184 адам тексеруден өткізілмек

    Фариза

    Жамбылда бір ауданда үш бірдей мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтуде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eighteen − 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.